-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Әнуар Нұрпеисов Шри-Ланкаға екі апта бұрын ғана жолға шыққан»

    Соңғы сайлау қарсаңында өзін қоғамдық қайраткер ретінде көрсетуге талпынып, түрлі мәлімдемелерімен көзге түскен жас актер Әнуар Нұрпеисов екі күн бұрын Қазақстаннан кеткені туралы мәлімдеген болатын. Ол «YouTube» хостингіндегі өз каналында 12 минуттық бейнеролик жариялап, қайда жүргені туралы әңгімелейді. Актер Шри-Ланка мемлекетінде туризм саласында еңбек етуді бастағанын айтады. Бірақ президенттік сайлаудан кейінгі төрт айда қайда жүргенін және немен айналысқанын айтпайды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    «Осындай дүрбелең басталғанда мен өзіме: бұл өмірде маған не керек деген сұрақты қойдым. Жауабы дайын еді. Бақытты өмір сүру, ең құрығанда соған талпыну. Егер саяси ойындарға араласа бастасаң, бақыт деген ұғымнан алшақтай түседі екенсің. Сондықтан мен тек шығармашылықпен, саяхаттаумен айналыссам деп шештім. Әлемді тану, жаңа танымдық дүниелерді іздеу керек екен», — дейді ол өз фильмінде.

    Әнуар Нұрпеисов «Мен ояндым» деп аталатын кампанияның белсендісі ретінде көзге түсті. Оның бастамасына қоғамдық белсенділер, журналистер, актерлер үн қосып, елде саяси реформалар жүргізуге үгіттеген. «Oyan, Qazaqstan!» деген атпен қозғалыс құрып, оның құрамына жас белсенділерді тарту басталған еді. Саяси науқан қызған уақытта Нұрпеисов белсенділігін күрт тоқтатты. Оның парақшасындағы жазылушылар осы уақыт аралығында Нұрпеисовтің әлеуметтік желіден көрінбей кеткенін жазды. Тіпті ол «жоғалып кетті» деп қауесет таратқандар да болды.

    Актриса Айсұлу Әзімбаева Әнуармен жақсы араласқанын айтады. Олар «Мен ояндым» жобасына қатысып, бір-бірін қолдаған. Мұны «Инстаграм» желісіне бірігіп жариялаған фото, бейне жазбаларынан байқауға болады. Кино актрисасы оның соңғы айларда қайда болғанынан хабарсыз екенін айтады. Бірақ Әнуар Нұрпеисов Шри-Ланкаға екі апта бұрын ғана жолға шыққан.

    «Біз онымен Шри-Ланкаға кетерден үш күн бұрын кездестік. Бұл шамамен екі апта бұрын болатын. Негізі көктемде ол елден кеткісі келетінін айтқан болатын. Әркімнің өз таңдауы бар. Сондықтан мен оны қолдадым. Өкініштісі, ол —  елде өзгеріс болғанын қалайтындардың ішінде ойын ашық айтқан жастардың біреуі еді. Бірақ тиісті органдар оны  дұрыс түсінген жоқ. Ата-анасы Қазақстанда, өзі үйленбеген. Мен онымен өте жақын араластым, бірақ ол қандайда бір саяси тапсырмалар орындады деген айыптауларға сенбеймін», — дейді актриса.

    Айсұлу Әзімбаева «Мен ояндым» жобасын жасағанда Әнуар да, оны қолдаған жастар да өз мүмкіндіктерін асыра бағалады деп есептейді. Яғни бұл бастаманың ғұмыры қысқа болатынын бәрі білгенін айтып берді.

    қатысты посттар

    Путин биліктен кетуге дайындалып жатыр

    Фариза

    Үлбіде 90 тонна уран отыны сақталатын болды. Қазақстан оған керек орынды тегін бермек

    Назарбаев, Тоқаев, Путин және Медведев бейнеленген картина қаншаға сатылмақ?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.