Понедельник, 28 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Ішімдік ішіп, есірткі қолданған» 2 адамның өмірін жалмаған 20 жастағы жүргізуші ұсталды

    Алматының полиция департаменті түнде Сейфуллин-Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында болған жантүршігерлік жол апатына байланысты мән-жайды түсіндірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Департаменттің мәліметінше, жаппай жол апатына кінәлі адам ұсталды. Ол Алматы облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

    Полиция жол апаты кезінде жас жігіттің алкогольдік және есірткілік масаю күйінде болғанын анықтады.

    Күдікті Сейфуллин даңғылымен келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамастан, Бөгенбай батыр көшесінің қиылысына шығып «Ауди» автокөлігін соққан. Содан соң тағы бірнеше автокөлікті сырған.

    Полицияның ақпарынша, жол-көлік оқиғасы орнында «Ауди» автокөлігінің екі жолаушысы қаза болған. Тағы алты адам ауруханаға жеткізілді.

    Оқиға куәгерлерінің айтуынша, «BMW X5» автокөлігі Сейфуллин көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Бөгенбай Батыр көшесімен қиылысында ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті.

    қатысты посттар

    «Ұят болады» 18 жасар қызды МАИ қызметкерлері ұрлап, зорлаған

    Фариза

    Адамдардың өмірін жалмаған жол 11 жылдан бері шешімін таппай келеді

    Фариза

    Алматыда Bek Air ұшағы құлады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.