Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Зорлау және азғындық жасау: Фермерлер одағының бұрынғы басшысы 19 жылға сотталды

    Қазақстан фермерлер одағының бұрынғы төрағасы Әуезхан Дарынов 19 жылға сотталды деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Осы жылдың 11-қазанында Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аударалық соты Әуезхан Дарыновқа қатысты үкім шығарды.

    «Сот үкімімен Әуезхан Дарынов ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі «Балаларды азғыру), 122-бабы 1-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау), 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау), 121-бабы 4-бөлігі (Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері), 124-бабы 3-бөлігімен (Жас балаға бірнеше рет азғындық жаса) кінәлі деп танылып, 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Сонымен бірге, оған жасөспірімдер ісіне қатысты педагогикалық және өзге де жұмыспен айналысуға тыйым салынды», — деді соттың баспасөз қызметі.

    Экс-басшы жазасын ерекше режимдегі колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Еске сала кетейік, осы жылдың ақпан айында зорлады деген күдікпен Қазақстан фермерлер одағының төрағасы ұсталғаны хабарланды.

    Бұл барлығы үшін күтпеген жағдай болған. Әуезхан Дарыновтың әйелі, балалары мен немерелері бар.

    қатысты посттар

    Алматыдағы ірі жол апаты: жүк көлігінен секірген жүргізуші қайтыс болды

    Фариза

    Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соғысты. Тергеу басталды

    Фариза

    Алматы полиция департаменті балаларды ұрлау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Пікір қалдыру

    13 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.