Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Сені өлтіру керек, қашан өлесің?» Нұр-Сұлтанда 85 жастағы кейуананы туған ұлы үйінен қуып шыққан

    Жанжал Ұлы Отан соғысы ардагері ретінде жолдасына берілген үйді бөлісуден басталған

    Қарияның айтуынша, соңғы уақытта келіні мен ұлы күн көрсетпепті. Сөйтсе, отбасылық жанжал Ұлы Отан соғысы ардагері ретінде жолдасына берілген үйді бөлісуден басталған. Соңында екі жақ келісімге келе алмай, сотқа жүгініп отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

    Осыдан он жыл бұрын көпбалалы ана Ермек Жүсіпованың жолдасы Ұлы Отан соғысы ардагері ретінде 10 жыл кезекте тұрып мемлекеттен екі бөлмелі пәтер алады. Сол кезде баспана иесі ретінде жалғыз ұлын да құжатқа жаздырған. Алайда арадан бірнеше уақыт өткенде ұлы қоқан-лоққы көрсете бастайды. Тіпті жұдырық ала жүгірген кездері де болды дейді кейуана. Келіні мен ұлының қыспағына шыдамаған еңбек ардагері үйден қашып кетуге мәжбүр болыпты.

    «Мені қуып шыққысы келе ме, өлтіргісі келе ме, білмеймін. Айтпаған сөзі жоқ, балағаттап «Сені өлтіру керек» дейді. «Қашан өлесің?» дейді. «Қашан өлетінімді Құдай біледі», десем тыңдамайды», — дейді Ермек ЖҮСІПОВА.

    Қария біраз уақыт қыздарының үйін паналаған. Алайда кейуананың айтуынша, ұлы күйеу балаларын да сабаған. Содан кейін қыздарының өмірін қатерге тікпейін деп кетіп қалған. Қазір немересінің қолында тұрып жатыр.

    «Былтырғы қараша айынынң 9-ында қызымның үйінде 10 күн болып, Көкшетаудан келдім. Күйеу балам оны-мұны нәрсе алғам соны үйге кіргізгенімізде, ұлым оны да, мені де ұрып, быт-шытымызды шығарды. Сосын күйеу балам көршіні  шақырып, зорға қашып шықты», — дейді Ермек ЖҮСІПОВА.

    Далада қалған көпбалалы ананың ендігі қалауы – үкіметтің берген сол үйін 1 бөлмелі 2 пәтерге айырбастау. Қалған өмірімді тыныш сүрсем дейді ол. Ермек әженің қорғаушысы заңда мұндай мүмкіндік қарастырылғанын алға тартады. Бірақ жергілікті атқарушы билік бұл өтінішін қанағаттандырмаған.

    «ҚР Тұрғын-үй заңнамасына сәйкес, 96-бабы бойынша мемлекеттік тұрғын-үй қорынан айырбастап беру қарастырылған. Алайда бұл заң қауқарсыз. Жүсіпова бірнеше мекемеге шағым түсірді. Президент әкімшілігіне жазды, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне де барды. Алайда ұлында кәмелетке толмаған баласы болғандықтан заң бойынша оларды да баспанасыз қалдыруға болмайды. Алайда арадағы жағдайлары тым ушығып кеткен», — дейді Е. Жүсіпованың қорғаушысы Жамал ЖҰМАБАЕВА.

    Әкімдік өкілі 1 баспананы 2 пәтерге ауыстырмайтындарын кесіп айтты. Өйткені біріншіден, кезекте тұрған адам онсыз да көп. Екіншіден, ұлының да бұл баспанаға толық құқығы бар.

    «Иә, Жүсіпова Ермек бізге бірнеше мәрте келіп, мемлекеттен алған баспанасын айырбастап беруге өтініш білдірді. Ол кісінің сұрауы – үйден ұлын, келінін, немересін шығарып тастау.  Егер, екінші тарап келісімін берсе, бұл өтінішті қанағаттандыруға болады. Өйткені жалдау келісімшарты бойынша, олардың да бұл баспанада тұруға толық құқығы бар. Егер ұлы келісімін бермесе, тек соттың шешімі арқылы ғана біз бір бөлмелі пәтерге ауыстырып бере аламыз», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бөлімінің бас маманы Ботакөз ПІШЕМБАЕВА.

    Бүгінде Ермек әженің ұлы туғандарымен байланысын үзген. Бізбен де сөйлесуден бас тартты. Ал оның қорғаушысы, мәселені тек сот арқылы шешуге бекініп отырғандарын жеткізді.

    қатысты посттар

    Бір арнада «Қалаулым», бір арнада «Өз ойым». Бұл не сұмдық?

    Жамбылдық полицейлерге жаңа көлік берілді

    Шымкентте жыл басынан бері 1807 жұп отбасын құрған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.