-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Жас ұрпақты қолдан мүгедек жасауды доғарыңыздар!» Айгүл Орынбек Тоқаевқа хат жолдады

    Қоғам белсендісі, әрі заңгер Айгул Орынбек Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге ат салысып жүргеніндердің бірі. Осы тұрғыда әділетсіздік орын алған мәселелерге заңгер Тоқаевқа хат жазып, кінәлілерді жазалауды сұрауда. Бұл туралы ол өзіңінің Facebook әлеуметтік парақшасында жариялады. Хаттың толық нұсқасын Qazweek.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.

    Құрметті Президент Қ. Тоқаев!

    Қорғаныс министрі Ермекбаевты трибуналға жіберуіңізді сұраймын!

    Жап жас жігіттер бейбіт күнде мүгедек болып, бұйрықпен барып, енді үстінен қылмыстық іс қозғалып, қару жараққа салғырт қарағаны үшін, 6000000 теңге айыппұл салынған.
    Бұйрықты орындамай, бармаймын десе, «Еліне сатқындық «-деген баппен қудалайтын еді.
    Жастарда таңдау жоқ!
    Себебі әскерде бұйрықты талқыламайды, бұйрықты орындайды.
    Мына 20 жастағы жас жігітті, оқ дәрілерге жолатқан Ермекбаевты трибуналмен тез арада жазалау керек!
    Қайда мықты стажы бар саперлар?
    Неге министрдің өзі салғырттық танып отыр Арыс қаласына?
    Бұл жігіт мемлекетке 6000000 шығып келтіріпті міш. Ол қандай шығындар бізде біле жүрейік?
    Неге жас жігіттерді ондай қауіпті аймаққа жібереді?
    Ермекбаевтың өзі неге барып, оқ дәріні тазалап, утилизация жасамайды?. Соғысқа бармай көкіректеріне бүкіл темірлерді жинап алған шалдарды жіберіңіз! Тазаласын Арысты! Ал жас ұрпақты қолдан мүгедек жасауды доғарыңыздар!
    Қызмет бабын асыра сілтеп пайдаланып, мына сарбаздың үстінен қылмыстық іс қозғаған қызметкерлердің бәрін трибуналға жіберуіңізді сұраймын !
    ҚР заңы бойынша адам және оның өмірі басты қазына!
    Арыс маңынан денсаулығына байланысты, жапа шеккен, мүгедек болып қалған азаматтарға!
    Мемлекет тарапынан үй , балаларына 18 жасқа дейін жәрдемақы және оқуға тегін түсіріп беруді қастамасыз етуді сұраймын.
    Денсаулығына келтірілетін зардаптары үшін мемлекет тарапынан өмір бойы тегін емделуді және моральдық және материалдық шығын ретінде әрбір сарбазға он миллион теңге есеп шотына аударылсын!
    Сарбаздарға қатысты Қылмыстық қылмыстық іс тоқтатылсын!
    Арыстан жапа шеккен сарбаздар болса, маған хабарласыңыздар! Министрді сотқа береміз!

    Суретте Ақтауда полигонда болған жарылыс құрбаны.
    Арыста бір емес , бірнеше жарылыс болды. Содан бірінші төрт, содан он, кеше ғана тағы біреуі болып, майор қайтыс болды. Бірақ ешқандай қызметкерлердің отбасы сұқбат бермей отыр. Себебі журналистерге шықпаңыздар деп қысым көрсетіліп отыр екен. Жақында Алматыда госпитальда жатқан баланың анасы таныс арқылы шығып, » баламның үстінен іс қозғаймыз деп жатыр. Не істейміз?»-дегенде сенбегем! Мына оқиғадан кейін сеніп, алаңдай бастадым!

    қатысты посттар

    Алматыда арнайы жасақ «Демпартия» жақтастарын қоршады, орталық алаңда интернет өшті

    Фариза

    ШҚО тұрғындары дабыл қағуда: Халық Қытаймен шекара бекеттерін жабуды талап етті

    «Мені қамап, ауызымды жаптырмақшы» Қамауға алынған белсенділердің арасында қандай байланыс бар?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.