Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Ол өте қауіпті» Павлодарда айнаның көмегімен дәретханадағы қыздарды сығалаған ер адам іздестірілуде (фото)

    Қазіргі бұл фактіге қатысы бар адамды анықтау және ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде ер адамның суреті тарап жатыр. Онда бұл кісінің Павлодардағы сауда орталықтарының дәретханаларында әйелдер мен қыздарды сығалап қарап жүргені айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

    Ол айна мен телефонның көмегімен сығалаған екен.

    — Осы екі суреттегі осы бір кісіге назар аударуды сұраймын. Ол 12.10.2019 күні «Манақбай» сауда орталығында әйелдер дәретханасында тығылып, айна мен ұялы телефонымен әйелдер мен қыздарды сығалаған. Қара түсті киім киген оны сондай-ақ Сәтпаев көшесіндегі СитиЦентр қызметкерлері суретке түсіріп алған. Ол жерде де бұл кісі әйелдер дәретханасында жүрген. Одан соң ЦУМ-ның әйелдер дәретханасында болғаны да анықталды. Оны танығандар, немесе көргендер болса полицияға хабарлауын сұраймыз. Ол өте қауіпті, жақындарымыз бен балаларымызға қауіп төндіреді. Бойы шамамен 175-180 см, түр-келбеті азиялық, метиске келеді. Қозы қарны бар. Сырт көзге күдік тудырмайды, жақсы киінеді, — деген жазбаны Instagram-да _muraveinik_206 парақшасында жарияланды.

    Павлодар полиция департаменті бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 124 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысы бар адамды анықтау және ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Алматыда жер сілкінді

    Таразда екі айдан соң үйіне қайтпақ болған ұлттық ұлан сарбазы белбеуіне асылып қалды

    Фариза

    Белгілі тележүргізушіні бір топ әйелдің не үшін соққыға жыққаны белгілі болды (видео)

    Пікір қалдыру

    14 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.