-1.9 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Орда» тобындағы ағайынды Беделхановтардың ата-анасы қаза тапты

    Танымал топтың әншілерінің әке-шешесі қаза болған жол апатында тағы екі адамның көз жұмғаны белгілі болды. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Әншілердің ата-анасы көз жұмған жол апаты Теміртау қаласынан екі километр жерде болды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Жол апаты 11 қазанда Бұқар Жырау ауданында болған. Теміртау-Астана автожолымен келе жатқан «Volkswagen» көлігінің 66 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. «Scania» көлігінің рөлінде 28 жастағы ер адам отырған.

    «Жол апаты салдарынан «Volkswagen» көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бұл факті бойынша тиісті сараптамалар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    Айта кетейік, бұған дейін «Орда» тобының әншілері Ерболат пен Есболат Беделханның әке-шешесі көлік апатынан қаза болғаны хабарланған еді.

    қатысты посттар

    Сұмдық! Сәуле Әбілдаxанқызына белгісіз біреулер шабуыл жасап, соққыға жықты

    Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған кезде аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған жігіт марапатталды

    Фариза

    Масаншыда өртенген үйдің арасынан адамның мәйіті табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.