-6.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Тарих

    Түркістан облысында мыңдаған сарбаздың мәйіті табылды

    Түркістан облысында ежелгі түркі жауынгерлерінің мәйіттері жерленген ескі қорымның орны табылды. Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан аймақта мыңдаған сарбаздың денесі жатыр. Тіпті, кейбірінің басында аты-жөні мен қайтыс болған жылы жазылған құлпы тасы да сол күйі сақтаулы екен.

    Бұған дейін су астында жатып, енді жер бетіне шығып қалған сүйектерді менің әріптесім Пернебек Біләлбек іздеп тауып, бейнетаспаға түсіріп қайтты. дейді. Одан бөлек ықшамауданда жол, жарық мәселесі халықты әбден қажытқан. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ескі қорым — Жетісай мен Шардара аудандарына шекаралас Абай ауылы маңындағы Сырдария өзенінің ұлтанынан табылған. Елдімекен тұрғындардың сөзінше, мұнда желтоқсаннан шілдеге дейін сыр өзені жайылып жатады екен. Тек, жазғы мезгілде су тартылғанда мыңдаған адам сүйектері жер бетіне шығатын көрінеді. Және бұл жағдай соңғы 10 жылдан бері қайталанып келеді екен. Алайда, мұны, жергілікті тарихшылар енді байқапты.

    Ойда-жоқта су астынан табылған адам сүйектері жетісайлық шенеуніктерді аяғынан тік тұрғызды. Аудан әкімдігі жергілікті ғалымдарымен бірлесеп, зираттың қай заманға тән екенін анықтауға көшкен. Тарихшылардың пайымынша, бұл 11-13 ғасырларда ежелгі түркі жауынгерлері жерленген жер. Көпшілігі 20 мен 30 жас аралығындағы сарбаздар көрінеді.

    «Бір жерге жерленген кезде әскерилер 30 жасқа дейінгі адамдар. Демек, 20 жас пен 30 жасты мен біліп отырмын. Демек, бір кезеңде қайтыс болғандарды бір жерге жерлеген деген болжам бар. Ұрыс кезінде болған ғой», — дейді тарихшы Аманкелді Тұрманов.

    Мамандардың сөзінше, бұл маңайда 1000-ға жуық немесе 1000-нан астам адам жерленіпті. Және барлығы шарихаттың заңы бойынша жер қойнына тапсырылған. Біз көрген адамның бас сүйектері құбылаға қарап жатыр.

    «Жердің бетіне шығып тұрған осы сүйектер бір жерге жерленген секілді. Бірақ, бастары да бұрған күйінше құбылаға қаратылған ашық аспан астында көрініп тұр», — дейді Жетісай ауданының бас имамы Бекзат Сыздықов.

    Қорымда бірнеше құлпытастарды байқадық. Тасқа қашап жазылған жазу араб емлесіне сәйкес келеді. Ауданның бас иамамы онда марқұмның аты-жөні мен қайтыс болған жылы жазылғанын растады. Кейбірінде 1297 жылы жазылғаны көрініп тұр. Соған қарағанда, бұл сүйектер 1200-1300 жылдары өмір сүрген адамдарға тиесілі.

    «Нұрман деген жазу секілді, Нұғман ба? Нұрман болуы да мүмкін. Нұғман болуы да мүмкін. Нұғман Қайықбай деген жазуы да болуы мүмкін. Қайықбай! Демек, бұл қазақшаға келеді», — деді ол.

    Көнекөз қариялар бұл маңайда кезінде өңірге танымал Асық ата әулиенің өмір сүргенін айтты. Жақын жерде кесене де болған екен. Тек, өткен ғасырдың 60-жылдары Шардара су қоймасы салынатын болып, осында жерленген бір топ мәйітті басқа жаққа көшірген.

    Алайда, іздеу-сұрауы жоқ кейбір сүйектер сол күйі қалып қойыпты. Жер бетіне шығып жатқандары солар болуы да мүмкін дейді жергілікті билік. Сондықтан, оларды басқа жаққа көшіруді ойластырып отыр.

    «Қазір енді ескі тарих құндылықтар бар деген негізбен өзіміздің аудандағы сырдария униыверситетіне арнайы хатпен шығып, ол жақтағы азаматтардың келу күнін белгіледік. Сонымен қатар, ауданның бас имамы мен діни басқармасы өкілдігімен арнайы хабарласап, ол жерді хатқан азаматтарды қайта жерлеу бойынша сөйлестік», — дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жақсыбеков.

    Айтпақшы, ғалымдар осы аймақтан 16 жыл бұрын Үтіртөбе деп аталатын ескі қалашықтың орнын тауыпты. Енді ескі қорым арқылы тағы бір қалашықтың бар-жоғын анықтамақшы.

    қатысты посттар

    Желтоқсан оқиғасындағы «Боран-1986» операциясы жайлы не білеміз?

    «Халқымның кәдесіне жарасам болды» — тарихи фотосуреттегі қыздың кім екені белгілі болды

    COVID-19: «Рахат» фабрикасы 24 маусымға дейін жұмысын тоқтатты.

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.