Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Екі жүздей жолаушы болған» Қарағандыда жолаушылар отырған қоғамдық көліктерге оқ атылды (видео)

    Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі — 4,5 миллиметр

    8 қазанда қаладағы аялдамалардың бірінде белгісіз береу пневматикалық қарудан адамдар отырған жолаушылар автобустарына оқ атқан. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Оқиға 45 квартал аялдамасында кешкі 19:00-де болды. Белгісіз адам аялдама маңында тұрып, бұзақылық әрекеттермен № 40, 45, 33 бағытында жүретін автобустардың терезесін сындырған. Ол пневматикалық қарудан оқ атты. Оқиға болған кезде автобус салонында шамамен екі жүздей жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ», — деді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

    Полицейлер автобустардың бірінен металл шаригін тапқан, оның диаметрі — 4,5 миллиметр, пневматикада қолданылады.

    «Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы («Бұзақылық») бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер бұзақының кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр», — деді ведомство өкілдері.

    қатысты посттар

    «Күдікті әлі табылған жоқ» Бойжеткенді аяусыз ұрып-соғып, зорлаған жүргізуші іздестірілуде

    Фариза

    Түркістан облысын апаттан көз ашпады: қатты дауыл 17 үйдің шатырын ұшырып әкетті(видео)

    Фариза

    «Мәйіті табылды» Анасының көз алдында ұрлап әкеткен бала өлі табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.