Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Уәлибек Әбдрайымов: Қайрат Нұртасты тойға шақырған адам ақымақ

    Шаншар театрының директоры, актер Уәлибек Әбдрайымов қазіргі әншілерді сынға алды. Тойдан табыс табуды әдетке айналдырғандарды ақымақтыққа балады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтылды.

    Театр басшының айтуынша, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа сынды бір сұрыптағы әншілерді тойға шақырғандардың өзі ақымақ. Мұның себебін былай түсіндіреді.

    «Аталған әншілер, ондайлар көбейіп кетті ғой, тойға барады да қаншама қаражатқа жанды дауысты ән айтпай, аузын жыбырлатып кетеді. Оған осы үшін сонша ақша беріп отырған байшыкештер де ақымақ. Әншілер онымен қоса біреу өлтіріп кететіндей, адамдарын ертіп жүреді. Оның дискісін қоятын бөлек адамы жүреді. Тойда дискіні салатын адам табылмай ма?», — дейді Әбдірайымов.

    Айта кетейік, бұған дейін Қайраттың анасы Уәлибек Әбдірайымовпен болған даудың себебін түсіндіріп, мән-жайды баяндағанеді.

    қатысты посттар

    Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетанына жауап берді (видео)

    Азық-түлік бағасын реттей алмайтын министрлерді қуу керек – актер

    Фариза

    Гаухар Әлімбекова үшін халықтан жиналған ақша қайда кетті?

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.