-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Ананың қарғысын өтеу мүмкін емес» Назарбаев анасының сөзін есіне алды

    Нұрсұлтан Назарбаев студент болмай тұрып институттағы тамыр-таныстықпен бетпе-бет келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Елбасының баспасөз қызметі instagram-дағы парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзінді жариялады. Шағын видеода Қазақстанның тұңғыш президенті неліктен ұшқыш бола алмағанын әңгімелеп берген.

    «Бұл медаль иегерлері де емтихан тапсыратын 58 жыл еді. Мен сол кезде алғаш рет тамыр-таныстықпен бетпе-бет келдім, институтта. Алматыда ешқандай танысымыз болмады. Әкемнің менің ұлым оқуға түсіп жатыр еді деп айтатын ешкімі жоқ еді. Қолынан келген жалғыз мүмкіндік – қашырын сатты. 2300 рубль болды, осы ақшаны берді де: «Бар, оқы» деді. Мен конкурстан өте алмадым», — деп еске алды Елбасы.

    Назарбаевтың айтуынша, бұл оның өміріндегі алғашқы соққы болды. Бұған дейін үнемі жолы болып жүрген.

    «Олай болады деп ойламадым, өйткені барлық пәнді жетік білдім. Басқа біреу өту үшін, тіпті мен оның кім екенін де білемін, менің аяғымнан шалды. Ол қандай да бір бастықтың баласы еді», — дейді ол.

    Болашақ президент бастапқыда құжаттарын химия факультетіне тапсырыпты. Сол жерде алғашқы пәннен емтиханға кіргенінде-ақ бір химиктің көзіне түседі.

    «Ол не оқытушы, не декан еді, есімде жоқ. Ол менің оқуға түсіп кетуімді қадағалады, өйткені химик болғалы жүр едім. Білімім терең екенін көрді. Ол маған қатты қынжылып тұрып: «сені осындай іс бойынша құлатады», — деді. Мен олай болуы мүмкін емес деп сенбедім. Содан сыртқа шығып, тізімді қарап, өзімді таппадым», — деп жалғастырды Елбасы.

    Жас талапкердің дәл сол жерде Киев азаматтық әуе флотының институтына қабылдау жүріп жатқаны жайлы хабарландыруды көзі шалып қалады.

    «Құжаттарымды көрсетіп едім, бірден өздеріне тартты. Үйге қайтпасам болды. Әуежайға алып келді, сонда барлық медициналық тексерістен өттім. Денсаулығың жақсы деді. Киевке баруға өздері билет сатып алып берді», — дейді ол.

    Қоштасайын деп үйге келгенде, оның ұшқыш болатынын естіп, бүкіл ауыл жиналады.

    «Анам көзіне жас алды. Бас тартпаймын деп едім: «сені қарғаймын» деді. Ананың қарғысын өтеу мүмкін емес. Солай тәрбиелендік қой. «Саған жерде жұмыс жетпей жатыр ма деп кейіді. Жібермеді. Бірақ мен Шамалғанда бәрібір қалмайтынымды айттым», — деді Елбасы.

    қатысты посттар

    Ақтауда үйі тінтілген белсенділердің екеуі 48 сағатқа қамауға алынды

    Фариза

    «Коронавирус жайыла бастаған кезде не бітіріп жүрдіңіздер?» — Қытай елшісі

    «Биліктен ақша алған жоқпын, өз ақшамды жұмсадым» — Әміржан Қосанов

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.