2 C
Алматы
Среда, 13 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Мұндай жағдайда мемлекет үнсіз қалмауы керек» Тоқаев бас прокуратура мен министрлікке тапсырма берді

    Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысының қатысуымен елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиын өтіп жатыр

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық үлескерлердің мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Тоқаев қазір елордада 49 проблемалық нысан барын, 13,5 мың үлескер құрылыстың аяқталғанын күтіп жүргенін атап өтті.

    Қала әкімі Алтай Көлгінов кейбірінің жобалық-сметалық құжаттамасы дұрыс болмағанын алға тартты.

    «Тұрғындарды сан соқтырған алаяқтардың көбі заң алдында жауап береді. Олар құжаттарын жоғалтып алған немесе бермей қойған. Осы уақыт бойы біз құжат дайындаумен айналыстық, қаржы институттарымен, екінші деңгейлі банктермен, орталық атқарушы органдармен жұмыс істедік», — деп жауап берді Көлгінов.

    Осы орайда мемлекет басшысы қазір алаяқтар көбейіп кеткенін айтты.

    «Әсіресе, құрылысшылар арасында көбейді. Бас прокуратура мен ішкі ісер министрлігіне осы мәселемен нақты айналысуды тапсырамын. Алаяқтар түрмеде отыру керек. Себебі олар өз әрекеттерімен азаматтарымыздың құқын аяққа таптап жатыр. Біздің азаматтарды алдайды, далада қалдырады. Мұндай жағдайда мемлекет үнсіз қалмауы керек. Тиісті шара қабылдап, баяндаңдар», — деді Тоқаев.

    қатысты посттар

    Назарбев: Бәріміз түсініп, біліп отырмыз, заман өзгерді, жағдай өзгерді…

    Біздің елдің басшылары сауда орталықтарымен алысып жатқанда, басқа елдер мешіттерін жауып жатыр

    Фариза

    Аса маңызды сәт туды — Бақытжан Сағынтаев Алматы тұрғындарына үндеу жасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.