-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    БҚО-да далалық жер мен орман отқа оранды

    Батыс Қазақстан облысында далалық жер мен орман отқа оранды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт Орал мен қала маңындағы Теректі және Бәйтерек аудандарында болып жатыр.

    Бүгін сағат 12.33-те қалаға қарасты Желаев кентінде құрғақ шөп пен орман жанып, ол Теректі ауданы Әйтиев ауылына қарай ауысқаны жөнінде хабар түскен. Бәйтерек ауданы Жайық-2 ауылында да осындай жағдай қалыптасқан. Шамамен 15 гектардай жер өртенген. Сондай-ақ Бәйтерек ауданы «Яик-2» бау-бақша серіктестігінде адам тұрмайтын 10 саяжай үйі жанып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша осы серіктестіктен 11 адам эвакуацияланды.

    Оқиға орнына ТЖ департаментінен 103 қызметкер, 13 техника, полиция департаментінен 32 қызметкер, 5 техника, орман шаруашылығы мекемесінен 20 қызметкер, 3 техника, ерікті өрт сөндіру жасақтарынан 30 қызметкер, 5 техника, «Қазақстан темір жолынан» өрт сөндіру пойызы мен 6 қызметкер барды.

    Өрт әлі сөндірілген жоқ. Оған желдің күшті болуы да әсер етуде.

    БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі нақтылап, өрт сөндіруге 75 қызметкердің қатысып жатқанын жеткізді.

    Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да тұрғын үй өртеніп, 45 адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласында 98 жоба жүзеге асырылуда

    Фариза

    Қызылордада биыл 1 сыныпқа 18 423 бала қабылданды

    Фариза

    Студенттер «қаңғырып» жүр: «Студенттік баспана» бағдарламасына бөлінген қаражат қалай игерілді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.