9 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Жаңаөзенде жазықсыз мұнайшыларға оқ атып, полиция 1 адамды мерт қылғанда Тазабековтың «пәтуасы» қайда болыпты?»

    Жуырда ғана Мұхаммеджан Тазабековтың сөздерін жинақтаған видео жарық көрген болатын. Видеода Тазабеков полиция қызметкерлеріне митингіге шыққан адамдарды ұстау керектігін айтқан. Соған сәйкес белгілі журналист Жанболат Мамай да өз пікірін білдірді.

    Жаңаөзенде жазықсыз мұнайшыларға оқ атып, ресми түрде 16 адамды, Шетпеде 1 адамды полиция мерт қылғанда Мұхамеджан Тазабековтың «пәтуасы» қайда болыпты? Құранда «1 адамның қанын төксең бүкіл адамзатты қырып салғанмен бірдей» деген қағиданы неге биліктің есіне салмады сонда?

    Ал күні кеше Астанада бір үйдің бес бүлдіршіні өртеніп, ата-анасы, онымен бірге бүкіл қазақ жұрты қайғы жұтқанда тазабековтер қайда қалды?

    Жоқшылықтың тауқыметіне ұшырап, қарызға батып, үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүрген отбасылардың проблемасы көтеріліп, биліктің алдына мәселе қойылғанда жаңағы «данышпандар» неге көрінбеді?
    Көпбалалы аналар зар жылап, баспанамыз жоқ, қаланың әр бұрышында сенделіп жүрміз деп әлеуметтік әділдік сұрағын қойғанда «жамбастан тебуге шақырғыштар» неге үнсіз қалады?

    Мұхамеджан Тазабековке айтарым: егер әділдік, ашықтық десеңіз, ол мәселені ең бірінші мына биліктің өзіне қойыңыз! Кеше сіз қайрап отырған полиция қызметкерлерінің қолында автомат та, шоқпар да, бронежилет те, арнайы құралдардың бәрі бар. Олар үнемі жаттығудан өтіп, күштерін сынап отырады. Ал көшеге шығып, әділдік талап еткен азаматтың қайсысы полицияға қарсы күш қолданыпты? Қай полиция қызметкерінің басы жарылып, көзі шығыпты? Дұрыс, ешқайсысының! Себебі, көшеге шыққандардың барлығы да бейбіт түрде әділеттілікті талап еткен саналы азаматтар! Олардың қолын қайырып, күш қолданып, ұрып-соғатындай, олар қылмыскер емес! Өз елінде, өз жерінде отырған халықтың өз пікірін ашық айтуға неге құқығы жоқ? Толық құқығы бар! Сондықтан, Тазабеков мырза, сіз құдайдың атын жамылып, халыққа қарсы сөз айтпаңыз! Полиция қызметкерлерін өз халқына қарсы қойып, күш қолдануға үгіттеу — барып тұрған күнә, қылмыс!

    Ресей билігі Украина жеріне барып, Донбасс пен Луганскіде соғысқа қатысып жатқан жалдамалы жауынгерлер мен сарбаздарға өздерінің діни қызметкерлері арқылы бата беріп, қайрап отырады. Тіпті зымырандарына дейін «қасиетті» суларын шашып, дұғаларын оқытады. Тазабековтерге де билік дәл осыны істеткендей әсер қалдырады. «Ұрыңдар, соғыңдар, аямаңдар!» дегізіп отыр ашықтан ашық. Ал ертең осындайлардың уағызын тыңдап, ешкімді аямаймын деген қызметкер біреуді опат етсе, оның обалы кімде?

    Полицияның алдына шығып, «халыққа қарсы күш қолданудың керегі жоқ. Олар да сендер сияқты азаматтар. Қайта тіл табысып, талаптарын орындап, әділетсіздікті жеңу керек» десе, нағыз мұсылманның, құдай жолындағы адамның сөзі сол болар еді. Әлі де кеш емес. Халықтың алдына шығып, кешірім сұрасын!

    Жанболат Мамайдың Facebook парақшасынан

    қатысты посттар

    Тұңғыш президент кеңсесіне бюджеттен 7 миллиард теңге бөлінбек

    Фариза

    «Бізді отқа тастап жіберіңіз». Саясат Нұрбек Тоқаевтың алдында ашына сөйледі

    Фариза

    Құқық қорғаушылар: Билік карантинді пайдаланып, белсенділерді қудалауды күшейтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.