3 C
Алматы
Воскресенье, 22 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «370 кг болатын 18 500 қорап» Қытайдан елімізде тыйым салынған дәрілер әкелінген

    «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде кедендік бақылау жүргізу барысында ҚР ҰҚК ШҚ және Алматы облысы бойынша ТЭД қызметкерлері  Қазақстан аумағына ҚХР-дан тыйым салынған дәрі-дәрмектерді анықтады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

    Қораптарда «СТЕКЛО» деген жазуы бар аспашам түрінде жасырынған, ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған жалпы салмағы 60 кг. болатын қытай дәрі-дәрмектері ұсталды және тәркіленді.  Сонымен қатар, жалпы салмағы 370 кг болатын 18 500 қорап (370 000 дана) «Cavallo» және «Milano» маркалы темекі өнімдерін ұстады.

    Сонымен қатар, сол күні, кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында «Rapiscаn» рентген аппаратынан  Өзбекстан Республикасының азаматынан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының арнайы органдарынан рұқсат талап етілетін «Baofeng» маркалы 52 дана рация анықталып, ұсталды.

    Қазіргі таңда аталған істің барлық мән жайы мен тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.

    қатысты посттар

    «Балаларға күш көрсетіп, қатыгездікпен қараған» Балабақшада тәрбиешілердің баланы ұрған сәті видеоға түсіп қалған (видео)

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Сырдариядағы мәдениет үйі жөндеуден өтуде

    Фариза

    Қызылордада жартылай фабрикаттар шығаратын цехтың жұмысы қарқынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.