-6.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Саясат

    Министр: Қытайдағы тәрбиелеу лагерінде қазақтар жоқ

    Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 4 қазанда Шыңжаңдағы «қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерінде» этникалық қазақ жоқ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл — «жоғары деңгейде расталған ақпарат». Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

    — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында мемлекеттік сапармен Қытайға барып қайтқан. Қытайда оқыту орталықтарында (Шыңжаңдағы «қайта саяси тәрбиелеу лагерьлерін» Пекин «оқыту орталығы» деп атайды — ред.) отырған этникалық қазақ жоқ. Бұл ақпарат расталды. Ол орталықтарда тек құқық бұзушылар ғана отыр…Бізге «бәрі жіберілді» деген ресми түрде ақпарат берілді, — деді ол.

    Дегенмен министр «құқық бұзушы» деп нақты кімді меңзегенін ашып айтпады.

    Қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барған. Тоқаев сапары кезінде Қытаймен 10 құжатқа қол қойылғаны хабарланды. Бірақ Тоқаев сапары барысында Қытаймен Шыңжаңдағы аз ұлттардың қысымға ұшырауы, оның ішінде этникалық қазақтардың қамалуы жайлы мәселе талқыланды ма, жоқ па айтылмаған еді.

    Тоқаев Пекинге Қазақстанда Қытайға қарсы наразылық өтіп жатқан тұста барған еді. Митингіге шыққандар «Қытайдың Қазақстандағы жобаларына» қарсы болды. Наразылар биліктен Қытай жобаларынан бас тартуды, көрші елден қарыз алмауды талап етті.

    2017 жылдың көктемінен бастап Қытайдың Шыңжаң аймағында этникалық азшылықтарға, соның ішінде этникалық қазақтарға да қысым көрсетіліп, «саяси лагерь» аталған жаппай қамау орындары пайда болғаны туралы хабар тарай бастаған. Қытайдан оралған этникалық қазақтар Қытайға Қазақстаннан жолаушылап барғанда қайта алмай, кейбірі саяси лагерьге алып кеткені жайлы шағымданған.

    Өткен жылы БҰҰ Шыңжаңда миллионға жуық этникалық ұйғыр мен өзге де түркітілдес ұлт өкілдерін Қытайдың солтүстік-батысындағы «саяси тәрбие лагерлерінде» ұстап отырғаны туралы мәлімдеген. Бастапқыда мұндай ақпаратты терістеген Пекин кейін оны «экстремизмге қарсы шара» деп түсіндірген және саяси лагерьлерді «тіл үйреніп, кәсіпке баулитын» орталықтар деп атаған.

    АҚШ пен Батыс елдері Пекиннің Шыңжаңдағы саясатын «аз ұлттардың мәдениеті мен дінін жою амалы» деп атады. Қыркүйек айында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесуінде Пекиннің этникалық ұйғырларды Қытайға қайтару туралы талабын орындамауға шақырды.

    қатысты посттар

    Гүлнұр Оразымбетова отбасы жайлы кітап жазбақшы

    Денис

    Даниал Ахметов бүкіл қазақстандықтың өміріне гарантия бере ме?

    «Мақсатымыз – билікке бару» — Бекболат Тілеухановтың келіні жаңа «ХАҚ» партиясы жайында айтып берді

    Пікір қалдыру

    fifteen + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.