Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Атырау дәрігерлері нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірген

    Перзентханаға келген жедел тергеу тобы аталған оқиғаның мән-жайын анықтаған

    Атырау облысында перзентхана орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    «Гиппократтың антына адал болуды уәде еткен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінді. Тексеру нәтижесінде анықталғанындай, жаңа туған бала дәрігерлердің қателігі салдарынан құжат бойынша өлі туғандардың қатарына енгізіліп кеткен. Шынтуайтында ол тірі болған. Бірақ баланың тірі екенін білген дәрігерлер оны оңалту амалдары бойынша шұғыл шараларды қабылдаудың орнына ресімделген құжат бойынша шетінеп кеткенше мұздатқызшта қалдырған. Дәрігердің бұлай етуіне басты себеп – толтырылып қойған құжат. Ол түзетілмеген», — деді Шыңғыс Қабдолла елордадағы брифингте.

    Перзентханаға бірден келген жедел тергеу тобы аталған оқиғаның мән-жайын анықтаған. «Шақалақтың денесі тоңазытқыш камерасынан табылды. Уақыт бойынша үлгере алмай қалдық. Сот санкциясымен күдіктілер тұтқынға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді ол.

    Перзентхана орталығының басшысы мен әйелді босандырған акушер-гинекологтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әу баста аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 317-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілген. Алайда істің мән-жайы анықталғаннан кейін аталған екі адамға тағылған айып ҚР ҚК 99-бабына (қасақана кісі өлтіру) өзгертілген.

    қатысты посттар

    «Үйдің үстіне құлаған»: Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

    Фариза

    Алматыда Ілияс Жансүгіров пен Ораз Жандосовтың немересі қамауға алынды

    Шымкентте атыс ұйымдастырған бір топ адам ұсталды

    Пікір қалдыру

    three × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.