Таиландтың Чонбури қаласында ер адам қуаттағыш қосылған ұялы телефонмен ойын ойнап жатып ұйықтап кеткен. Салдарынан ол көз жұмды. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталының дерегіне сүйеніп хабарлайды.
27 қыркүйекте 25 жастағы Састра Моин төсекте жатып, бірнеше ұялы телефонмен онлайн-ойын ойнаған. Бұл кезде телефондардың бірі қуаттағышқа қосулы болыпты.
Ертесі күні ер адамның 57 жастағы әпкесі үй жинап жүріп, оның төсекте қимылсыз жатқанын байқапты. Әйелдің айтуынша, Моимның денесі көгеріп кеткен. Ал сол қолында сым мен оның қап-қара ізі қалған. Қатты шошыған әйел бүкіл үйдегі электр қуатын өшіріп, полиция шақырған.
Марқұмның әпкесінің сөзінше, інісі ұялы телефонмен ойын ойнап жатып, жиі ұйықтап қалады екен.
Полиция ер адамның денесін қарап, зорлық-зомдылықпен өлтіру белгілері жоқ деп тапты. Олардың мәліметінше, ер адам тоққа түсіп көз жұмған.