-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Ақтөбеде 13 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсады

    Ақтөбеде мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады. Жасөспірімнің жұмбақ өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға 30 кыркүйек күні түстен кейінгі уақытта болған. Сол күні сабағына толық қатысып келген жасөспірімнің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

    Жалдамалы пәтердегі үйінен баланың денесін анасы тауып алған. Үш балалы жалғызбасты келіншектің екі баласы мектеп жасында.

    «Бұлай болады деп мен ешқашан ойлаған жоқпын. Кешкі сағат 6:30-да келгенімде салбырап тұр екен. Өзім шешіп алдым. Тұңғышым еді… Ешкімге кінә артпаймын, ажалы болар», — дейді анасы.

    Марқұм осыған дейін Хромтау ауданында тұрып келген. Ұстаздары өмірімен ерте қоштасқан жасөспірімді «ақжарқын бала еді»деп еске алады.

    «Бұл жағдай бізге де ауыр тиіп отыр. Биыл 2 қыркүйектен бастап біздің мектепте 8 сыныпта оқыған еді. Бала бір күн де сабақтан қалған жоқ. Қайғылы оқиға болған күні де сабаққа келді, жеті сабағына да қатысты. Мінезі ашық, ақжарқын бала болған соң қатарластарымен тез араласып кетті. Педагогикалық-психологиялық мінездемесінде ешқандай күдік болған жоқ.

    Мамасының айтуынша, бала көп нәрсені ішінде ұстайды екен. Әкелері қайтыс болған. Мамасы «Ақтөбеге көшейік деген балам еді, ауылда балалар жетімсің деген соң қалаға келіп едік» деп айтты. Олар бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрды», — дейді мектептің директоры Шолпан Жанғалиева.

    Жасөспірімнің қазасына қатысты полиция іс қозғады.

    «30 қыркүйек күні кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім өз үйінде асылып қалған күйінде табылды. Бала ешқандай есепте тұрмаған, оқу орны бойынша жағымды сипатталады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105 бабы 3 тармағымен сот алды тергеу амалдары басталды», — деп хабарлайды ПД. .

    қатысты посттар

    «Ринат өз үйінде болған…» — ІІМ мәлімдемесі

    Астанада бірнеше адам қаза тапқан ірі жол апатының видеосы таралды

    «Марқұмның қабірін ашуға тура келеді» — Дулат Ағаділдің қорғаушысы

    Пікір қалдыру

    4 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.