-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Дін

    «Халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?!» Белгілі дінтанушы Тазабековті сынның астына алды

    Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «Асыл арна» телеарнасының директоры, айтыскер Мұхамеджан Тазабектің  полициямен болған кездесуінің видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі bugin.kz порталына сілтеме жасап.

    «Мұқаммеджан! Әркім өзінің табиғаты мен сана сезіміне қарай әрекет етеді. Адам не айтып, не істесе де өзіне істейді. Бірақ өтініш, сасық саясатың мен жағымпаздығыңа асыл дінімізді араластырмашы. Ақсақалыңды сақалынан сүйреп, ақ орамалды  әжеңнің құймышағынан тебесің бе, ол сенің шаруаң, сенің жеткен жерің. Қағбада  адамдарға кедергі келтіріп, намаз оқығандарға полиция бір рет ескерткеннен кейін құймышағын сындыра жаздайтындай етіп, құйрығынан қатты тебеді депсің. Тепсе адамгершіліктен айнып, патшасына табынып отырған саудияңдағы кейбір полицияларың тебетін шығар. Бірақ мұндай айуандықты ислам тұрмақ, азғантай көкрігінде адамдығы бар кез келген адам жасамайды. Жасай да алмайды.  «Бұған бүкіл ислам ғұламалары пәтуа берген» — деп айды аспаннан бірақ шығарыпсың.   «Адамдарға кедергі келтіріп намаз  оқыған адамды құймышағын сындыратындай етіп тебуге болады» —  деген хайуани әрекетті қай ғұлама құптапты? Бүкіл ислам әлемі ғұламаларын  былай қойып, бір ғалымның атын аташы! Айта алмайсың. Өйткені бұл қып-қызыл өтірік. Ендеше діннің атын жамылып өтірік айту, дінді саясатқа қолжаулық ету ауыр күнә!

    Дінімізді сүйкімсіз етіп көрсетуге, халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?! Сасық саясатыңды, жиіркенішті жағымпаздығыңа дінді араластырмашы! Өтініш!», — дейді Қайрат Жолдыбайұлы өзінің facebook парақшасында.

    қатысты посттар

    Назарбев: Бәріміз түсініп, біліп отырмыз, заман өзгерді, жағдай өзгерді…

    «Әнуар Нұрпеисов Шри-Ланкаға екі апта бұрын ғана жолға шыққан»

    Фариза

    Ауыз ашқаннан кейін темекі шексе, оразаның қазасын өтей ме?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.