17.1 C
Алматы
Понедельник, 19 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Сарай сауысқаны болып отырып сайрау оңай…» — Айгүл Орынбек Тазабековке шүйлікті

    Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабекке шүйлікті. Оны сарай сауысқанына теңеп, жастарға уағыз оқымағаны жөн екенін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Қазақ жігіттерінің миы уланып, әр қарындасыңды талақ қылып, бір-біріне сыйлап жатқанда неге осылай айтпадың?! Елдің еркектері елді дамытуды ойлап жүргенде, біздің еркектер балақ кесіп, намаз оқып, сіз бөліскен террористің уағызын тыңдап Сириядан бірақ шықты. Егер сіз халықтың мұңын жырлап, жоғары жаққа дұрыс ақпарат жеткізгенде, мүмкін алаңда әйелдер жүрмес еді? Сіз сияқты елдің алдында жүрген қазақтың еркектері, президентті «патша», «құдай»- деп жағымпазданып, сарайға құл болмағанда, қазақ аналары үйде отырар еді. Иә, Сарай сауысқаны болып отырып сайрау оңай! Елім деген қазақ жігіттері қамалып, атылып, сіз сияқты бір адамға табынатын жағымпаздар көбейген соң, қазақ әйелдері алаңға шықты.

    Қазақ әйелдеріне ғана күші жететін, еркектер көбейген соң біздің ел жемқорлыққа толды. Қыздарымызды кез келген ұлт астына басты!
    «Қытайдан қорықпа, құдайдан қорық» депсіз! Құдай келіп сенің жеріңді, қарындасыңды, ұрпағыңды қорғап бермейді. Ол үшін сізге аяқ-қол берілген!Қарындасыңның арын бүгін қорғамасаң, бүгін алаңға шығып жатқан аналар, ертең сол Қытайдың астында жатады! Иә сіз сияқты сауысқанша сақылдай алмасам да, «патша» алдында елдің мұңын «дат» деп айта аламын!

    Қоғамдағы еркектердің жартысын улап, етектілермен айтыстырып қойғаныңыз аздай. Енді полиция қызметкерлеріне кірістіңіз бе? Бұл елдің еркегі әйелдер мен емес, билікте отырған тілін білмейтін, ұлтын сыйламайтын еркектермен күрескені дұрыс! Халықты жеп, сырт жаққа миллиондап тасып жатқандармен күрес! Егер қазақтың жігіттері мықты болса, қазақтың аналары алаңға шықпас еді!», — деп жазады Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында..

    қатысты посттар

    Мас кезінде ұлының жөргегін ауыстырғысы келген ер адам алты айлық ұлын абайсызда өлтіріп алды

    Фариза

    «Өмірім үшін қорқамын» Жігіті ұрып-соғып, ақшасын тартып алған алматылық қыз сұмдық суреттерін жариялады

    Фариза

    Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеге өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.