-5.1 C
Алматы
Пятница, 15 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Егер ондай мүмкіндік маған берілсе…» Қанат Ислам Геннадий Головкиннің АҚШ-та үлкен танымалдыққа ие болуына байланысты пікір білдірді

    Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам неліктен Америкада жекпе-жек өткізбейтінін түсіндірді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Боксшы АҚШ-та жекпе-жек өткізуден бас тартпайтынын, алайда, әрдайым соңғы сәтте бір мәселе туындап шыға келетінін жеткізді. Мәселен, соңғы рет ол күтпеген жерден жарақат алып, бір жылдан астам уақыт рингке шыға алмай қалған.

    «Менің бокста жүргеніме 25 жыл болды, қай салмақта болсын, кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын. Америкада 20 млн мексикалық, 10 млн филиппиндік тұрады, латын америкалықтар, украиндар мен орыстар көп. Сондықтан да осы елдердің боксшыларының жекпе-жектері ол жерде көп көрермен жинайды. Ал қазақтар онда соншалықты көп емес. Мен Америка халқына қызық емеспін. Мен боксшы ретінде тек қазақтарға ғана қызықпын. Ал әлем бойынша танымал болу үшін сенің артыңда үлкен демеушілерің болу керек.

    Мексикада апта сайын бокс кештері өтеді. «Канело» өзінің 30-0 рекордын Мексикада жасап келді. Оны кейін әдемі рекордымен Америкаға алып келді. Ал бізде бір бокс кешін өткізіп, артынан мың адамнан сын естисің. Бізде құр сөз көп, ал шынайы іс — аз», – деді Қанат Ислам.

    Ол сондай-ақ Геннадий Головкиннің АҚШ-та үлкен танымалдыққа ие болуына байланысты пікір білдірді.

    «Біздің Головкиннің әлемге танылуына Елбасының қолдауы да әсер етті. Мықты демеушілерінің арқасында атақты қарсыластармен шығып, атышулы жекпе-жектер өткізді. Егер ондай мүмкіндік маған берілсе … Жалпы, «Канело» кім соншама? Маған беріңдерші оны! Бокс – рингтегі екі адам. Ол ұрса, мен ұрам, жығылсам – қайта тұрам. Бұның барлығын баяғыда өтіп қойғанмын», – деп түйіндеді боксшы.

    қатысты посттар

    Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

    Фариза

    Хабиб Нұрмағамедов Макгрегор туралы: Ол қызғаншақ әйел сияқты

    Олимпиададағы сәтсіздікке кім кінәлі?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.