-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Белгілі айтыскер ақын ауыр сырқаттан көз жұмды

    Қазан айының 2 жұлдызында белгілі  ақын, Оңтүстік өңіріндегі  айтыс өнерінің талантты өкілдерінің бірі  — Жарқынбек Наушабеков 44 жасына қараған шағында  ауыр науқастан өмірден өтті. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі aitysker.org сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі,   1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған.  Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 жылдың қорытындысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының ең үздік айтыскер ақыны» номинациясын иеленген. «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған. Өмірінің соңғы кезеңдері  Сарыағаш аудандық Тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры қызметін атқарды.

    «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағы» РҚБ, «Айтыскер» ақпараттық порталы белгілі айтыскер ақын Наушабеков Жарқынбек Абазбекұлының өмірден өтуіне байланысты марқұмның  отбасына, туыстарына қайғырып көңіл айтады.

    қатысты посттар

    «Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі»: Белгілі әнші басынан өткерген қиыншылықтарымен бөлісті

    «Мына жер ұнайды…» — белгілі актер Қадырбек Демесін қарттар үйінде тұрып жатыр ма?

    «Біз ақшаға құнықпаймыз…» — Қанат Айтбаев

    Пікір қалдыру

    eighteen + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.