17.1 C
Алматы
Понедельник, 19 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ірі көлемде алаяқтық жасады: Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты жаңа дерек шықты

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталуда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттықа агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік басшысының . орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді.

    «Мәнізоровқа қатысты тергеу жалғасуда. Оның әрекеті 190 баптың 4 бөлігі, 2-ші тармағына сәйкес, қызметтік жағдайды пайдалану арқылы жасалған ірі көлемдегі алаяқтыққа сәйкес келеді», – деді Бектенов.

    Бектеновтың айтуынша, тергеушілер прокуратураға Мәнізоровты үй қамауында ұстау арқылы бұлтартпау шарасын қолдануға өтініш жолдады.

    «Тергеу мүддесі бұдан өзге ақпарат жария етілмейді», – деді Бектенов.

    Еске сала кетсек, әлеуметтік желілерде Алматы облысы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Алайда әкімдік бұл ақпаратты растамады.

    Алайда 27 қыркүйекте Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы ақпарат ресми түрде расталды.

    қатысты посттар

    Бұл — халыққа қызмет көрсету емес, халықты мазақ ету — депутат АвтоХҚКО туралы

    Фариза

    «Үкімет күшіне сенбей ме, әлде еріне ме?» — Бекболат Тілеухан министр Біртановқа қарсы шықты

    «Халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?!» Белгілі дінтанушы Тазабековті сынның астына алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.