-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Мені де, бауырларымды да ұрады»: Қапшағайда 17 жастағы қыз өгей анасының қорлық көрсететінін айтып көмек сұрады

    Қапшағайдың 17 жастағы тұрғыны өзін асырап алған қамқоршысына шағым айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Айтуынша, өзін де бауырларын да қамқоршысы ұрып-соғады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі stan.kz порталына сілтеме жасап.

    17 жастағы Гүлсезімнің, сіңлісі Аяна мен інісі Дарханның қамқоршысы өзінің жеңгесі. Өзінің туған анасы бар. Ол үш баласын да өзіне қайтарғысы келеді. Алайда заңмен рұқсат жоқ. Ал, балаларын не себепті өзгеге бергенін өзі түсіндіріп берді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды.

    «Өзім жастай тұрмысқа шыққанмын. Күйеуім ауруға шалдығып, 23 жасымда жесір қалдым. Ол кезде жұмыс істемейтін едім. Қайын жұртым мені әмеңгерлікпен күйеуімнің бауырына үйлендіріп, үш баламды абысыныма беруге көндірді. Сенің жағдайың жоқ, асырай алмайсың. Қайын ағаң мен абысының аяққа тұрғызып береді. Жағдайы жақсы деген соң амал жоқ көндім», — дейді анасы Гүлнәз.

    Алайда балаларына қоңырау шалып, сөйлесіп тұрған. Қазіргі күйеуінен туған балалары бар.

    Бұл ретте бағдарламаға келіп отырған 17 жастағы студент қыз Гүлсезім асырап алған апасының да, оның қызы да өзін ұрып-соғады деп айыптады. Денесіндегі көгерген іздерді көрсетті.

    Алайда бұған інісі мен сіңлісі қосылмады. Әпкесінің сөзін жоққа шығарып, апасын жақсы көретіндерін айтты.

    Бағдарлама қонақтары мен туған анасы «балаларды қорқытып қойған» деген пікір айтты.

    Гүлсезімнің айтуынша, үй шаруасындағы ауыр тірліктерді өзі атқаратын көрінеді. Жасамаған жағдайда таяқтың астында қалады. Бұл мәселенің түйіні шешілген жоқ. Гүлсезім 3 ай Талдықорғандағы бейімдеу орталығына орналастырылмақ. Одан кейінгі жағдайы тағы қаралады.

    қатысты посттар

    Желіде Алматыдағы балабақшада тәрбиешінің баланы азаптаған видеосы пайда болды

    Фариза

    Алматы облысында 40 жастағы ер адам анасын ұрып өлтірді

    Фариза

    Жамбыл облысында бір топ адам түн ішінде әкімді ұрып кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + eleven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.