-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға Саясат

    Ішкі істер министрі дәрігерлерді тергеудің не себепті Экономикалық тергеу қызметі жүргізгенін түсіндірді

    ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласында дәрігерлердің қамалуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    — Бұл туралы бәрі айтылды. Біріншіден, Ішкі істер министрлігі де, Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура да тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган – Экономикалық тергеу қызметі жүргізді. Министрлік, прокуратура тарапынан қысым болған жоқ. Аталған органның өзі шешім қабылдады, білесіздер, қамау туралы шешімді тек сот шығарады, — деді ол.

    Журналистер министрден Серік Күдебаевтың дәрігерлерді қамауға қандай қатысы бар екенін түсіндіруді сұрады.

    — Күдебаевтың бұған ешқандай қатысы жоқ па? — деп сұрады олар.

    — Иә, қатысы жоқ, — деп жауап берді Тұрғымбаев.

    Сонымен бірге министр азаматтар қандай жағдайда қамауға алуынуы мүмкін екенін түсіндірді.

    — Мәселе қит етсе қамауға алуда емес. Бізде кінәсіздік презумпциясының ұстанымдары бар. Ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасады деп айыптала алмайды. Егер ол адамның тергеуден жалтарып кетуі немесе тергеуге кедергі жасауы мүмкін деп сенуге жеткілікті негіз болса, ол күдікті ретінде ұсталуы мүмкін, бұл заңда көрсетілген. Ал енді бұл жағдайда неге мұндай шешім қабылданғанын айта алмаймын, өйткені Ішкі істер министрлігі бұл істі тергемеген, тергеуді экономикалық тергеу қызметі жүргізді, — деді ол.

    Ішкі істер министрі тергеудің не себепті Экономикалық тергеу қызметі жүргізгенін де түсіндірді.

    — Мүдделі тараптар болған жағдайда, немесе туыстық қарым-қатынастар болған жағдайда тергеу ісін бейтарап үшінші құқық қорғау органына беру туралы шешім қабылданады. Бұл жағдайда сол үшінші шешім қабылданды – іс экономикалық тергеу қызметіне берілді. Прокуратура осындай шешім қабылдады, — деді Тұрғымбаев.

    қатысты посттар

    «Ішімдік ішіп, есірткі қолданған» 2 адамның өмірін жалмаған 20 жастағы жүргізуші ұсталды

    Фариза

    26-қабаттан құлап түскен бүлдіршіннің жантүршігерлік видеосы

    «Оның бәрі заңсыз әрекет екен…» — митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    Пікір қалдыру

    17 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.