-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Жиырмаға жуық факті тіркелген» Адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталған дәрігердің ісіне байланысты министр мәлімдеме жасады

    Министр Ерлан Тұрғымбаев адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталған қазақстандық трансплантолог туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

    «Оның ісіне қатысты тергеу жүріп жатыр, әлі аяқталған жоқ. Бұл бізге басқа елден келген шетелдіктермен байланысты. Сол себепті тергеу ұзаққа созылды. Жедел тергеу тобы шетелге барады, ол жақтағы әріптестеріміз көмек көрсетеді. Тергеу аяқталысымен ақпарат береміз.

    Дәрігерлерге қатысты бізде әрқашан сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Тек дәрігерлердің қорытындысынан кейін ғана оның кінәсі анықталады. Біз оның кінәлі-кінәсіздігі туралы шешім қабылдай алмаймыз. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтеміз», – деп түсіндірді министр.

    Маусым айында украиналықтар өз бүйрегін саудалағаны белгілі болды. Бұл туралы сол елдің ұлттық полициясы мәлімдеген болатын. Тергеу барысында, жиырмаға жуық факті тіркелген.

    Қазір істің мән-жайы анықталуда.

    Осы қылмысқа қатысы бар деген бірнеше адам ұсталды. Солардың арасында белгілі дәрігер-трансплантолог Ғани Құттымұратов та бар.

    Қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған.

    Қылмыстық кодекстің 264-бабы, 2-тармағы «Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық ұйымға қатысу» бойынша мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Қылмыстық кодекстің 116-бабы, 3-тармағы «Адам тіндері мен органдарын заңсыз жолмен алу немесе алуға мәжбүрлеу» бойынша кінәлілер мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     

    қатысты посттар

    «Бойкот», «Масқара» Алматыда полиция бірнеше адамды ұстап алып кетті (видео)

    Бір өзі 10 жігітті құлататындай мықты болған Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қаза тапты дегенге сену қиын (видео)

    Түркістан облысында тағы да апат: Тасқын су үй аулаларын басып, тұрғындар эвакуациялануда (сурет, видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.