-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    ІІМ: Қазақстанда мекен-жай туралы анықтамасын беру тоқтатылады

    Елімізде азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру тоқтатылады. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Neonomad.kz порталына сілтеме жасап.

    «Жыл сайын құжаттар алу үшін, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды тіркету және басқа да мақсатта мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұратуымен тұрғындар 10 миллионнан астам мекенжай анықтамасын алады. Жұмысқа орналасу кезінде, мектептерге, балабақшаға, емханаға, банктерге және тағы басқа кезге де деп анықтама алу үшін қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталығының, мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырып, үнемі кезек күтуге мәжбүр. Ішкі істер министрлігі өзінің мәліметтер базасын басқа мемлекеттік органдармен біріктірді, бұл халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тетігін жетілдіріп, қызметті оңай етті. Атап айтқанда, мекен-жай анықтамаларын беру процесі мүлде алынып тасталды, өйткені бұл деректер барлық мемлекеттік органдардың мәліметтер базасында бар», – деді ҚР ІІМ.

    Министрліктің сөзінше, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде. Енді мекен-жай туралы анықтама енді сұралмайтын болады. Бірақ әрбір азамат электрондық үкімет порталындағы өзінің жеке кабинетіне кіріп, бұл ақпаратты тексере алады.

    «Мекен-жай анықтама қағазын беруді тоқтату қағазбастылықты жойып, анықтама үшін халықтың ХҚКО-ға бей-берекет ағылуын тоқтатады», – дейді министрліктегілер.

    қатысты посттар

    Мектеп дәретханасында оқушыға вакцина салған кім?

    Фариза

    Аймақтарда Ағаділ әруағына құран бағыштағандарға полиция ескерту жасап, таратуға тырысты

    Фариза

    Түркістан облысының тұрғыны WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.