Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Павлодарда 15 жастағы қызды зорлаған педофил қолға түсті

    Павлодарда 35 жастағы ер адам 15 жастағы қызға сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Полиция ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Полиция мәліметінше, оқиға 27 қыркүйекте түнгі сағат 23:00 шамасында қала шетінде орын алған. 35 жастағы ер адам 2004 жылы туған кәмелетке толмаған қызға сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған.

    Артынша кәмелетке толмаған түрлі жарақатпен емханаға жүгінді.

    Полиция қызға азғындық жасаған ер адамды ұстады. Ол Ақсу қаласының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, ол 2008 жылы ұқсас қылмысы үшін сотты болып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын өтеген.

    Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    қатысты посттар

    Бір жасар баласын тұншықтырып өлтірген ананың жантүршігерлік қылмысы мәлім болды (фото)

    Фариза

    «Өз ағзамызды беруге дайынбыз»: Кореяда баланы қаққан қазақстандық жігіттің анасы кореялықтардан кешірім сұрады

    Фариза

    Адамдардың өмірін жалмаған жол 11 жылдан бері шешімін таппай келеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.