-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШҚО-да 157 жас президенттік кадр резервіне тапсырды

    Облыста 70 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оның 54 пайызын жастар құрайды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы мәлім етті.
    Брифингте Президенттік жастар кадрлық резервіне қалай қатысуға болатыны туралы кеңінен түсіндірілді.
    – Облыста 23-29 жас аралығындағы 86 адам жұмыс істейді. Ал 30-39 жас аралығындағы 518 қызметкер басшылық қызметтерді атқарады. Оның ішінде облыс әкімінің бір орынбасары, үш қала мен аудан әкімі, облыстық басқармасының 10 басшысы мен 45 ауылдық округтің әкімі бар, — деді Жанна Қабдоллдақызы.
    Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет. Оған кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының жоғары білімді азаматы үміткер бола алады. Тіркеу онлайн платформада жүргізілмек. Брифингке қатысқан «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының» ШҚО-дағы филиалының директоры Сергей Ковалев осылай деді.
    – Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуде үміткерлер алдымен тестен өтіп, эссе жазады. Бұл қатысушылардың ой-өрісін, жазу қабілетін, ақпаратты сараптай алуы мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайды. Жобалардың әлеуметтік маңызы болуы шарт. Әр кезеңнің бағасы есепке алынып, үміткерге орташа ұпай қойылады. Озып шыққандармен эксперттік комиссия жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған қатысушылардың кандидатурасы Президенттің жастар кадрлық резервінің Ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болады, — деді Сергей Ковалев

    қатысты посттар

    Байзақта шағын футбол алаңы ашылды

    Фариза

    Жыл басынан бері 48 бала баспанамен қамтылған

    Фариза

    Қызылорда облысында цифрлық сауаттылықты арттыру 5 түрлі бағытта дамуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.