Нұр-Сұлтан қаласының 21 жастағы тұрғыны осы жазда басынан өткерген жантүршігерлік оқиғасымен бөлісті. Оны сабап, азаптаған, үтікпен, темекімен денесін күйдірген, ақырында зорлаған, сөйтіп мұның бәрін видеоға түсіріп, оны интернетке саламын деп бопсалаған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Аян елордадағы бір мектеп мұғалім болып жұмыс істейді. 2019 жылдың 27 шілдесінде әлеуметтік желі арқылы бір жігітпен танысқан. Әрине, фейк аккаунт арқылы хат жазысып, ақырында бір-бірінің телефон нөмірін алып, кездеспек болады. Кездесуден соң ол жігіт Аянға «көлікке отырып, қырыдып келейік» деп ұсыныс тастайды. Ал көлікте ол оған жабысып, көңіл білдіреді. Ол бас тарса да оны Махаббат тұрғын үй кешеніндегі бір пәтерге мәжбүрлеп апарады. Сол арада жантүршігерлік оқиға бастау алады. Пәтерге тағы бір ер адам келіп, екеуі жабылып Аянды сабайды.
«Құлақтан ұрды, мен ұшып басыммен шкафқа соғылып, жерге отырып қалдым. Ол мені тұрғызып алып, қабырғаға сүйеп қойып, бетімнен ұрды. Мұрнымнан қан кетті. Сол кезде екіншісі кірісті. Ол да құлағымнан екі мәрте оңдырмай салып жіберді. Құлағымның бәрі сынып, мұрным бет болды.Тағы да сұлап түстім. Сол кезде ер адам аяғымды басып, үстіне секіріп, сындырды. Одан соң қайта тұрғызып алып, қолдарына түскен нәрсемен ұра бастады. Крөшкемен, табамен төбемнен ұрғанда есімнен танып қалдым. Бір уақытта ауруды да сезінбей қалдым. Ал олар болса тынбай тепкілеп жатыр мені.Қазір менің басым бүтіндей тігілген. Бір көзім ісіп кеткен, өйткені көзден де тепті, — дейді Аян.
Сөйтсе екі еркек Аяннан гей жігіттердің нөмірін, олар қай клубты жағалайтынын сұрап, жауапқа алған. «Иығымды үтікпен де күйдірді, оған көнбеген соң үтікпен басымнан бір қойды. Мен тағы талып қалдым», — дейді ол.
Сол кезде екі жігіт Аянның телефоны арқылы оның әкесіне хабарлама жіберген. Басында 1 миллион, одан соң 3 миллион теңге сұраған.
— Мені алып келген жігіт, осының бәрінен соң мені зорлай бастады. Әйелдер зорландым дегенде түсінбеуші едім. Сөйтсем бұл барып тұрған азаптың азабы екен, өзіңді ең лас, адам сезінбей қаласың. Бұдан кейін менің жыныстық өміріме де нүкте қойылған секілді. Ол туралы ойлағым да келмейді. Бәрінен бұрын осы масқара жағдайдың бәрі видеоға түсті. Олар оны Интернетке саламын деп қорқытты. 3 миллион теңге талап етті. Ондай ақша жоқ дегенде, олар менің денемді темекінің шоғымен күйдіре бастады. Тіпті, біреуге телефон шалып: «Таңертең кел, бір адамды қазып, көму керек, қандай оңтайлы жер бар» деп сұрап жатты. Мен душқа барғым келетінін айттым. «Ақсаңдамай барсаң жібереміз», — деді олар. Аяғымды сындырып тастаған ғой, қалай ақсаңдамайсың. Сол үшін тағы тепкіледі.
Әбден шаршаған қос еркек аяғы қалың ұйқыға кетеді. Ал аян қол-аяғы байлаулы жалаңаш күйінде еденде жатқан. Ақырындап құрсаудан босаған Аян пәтерден шыға сала көршісінің есігін қағып, көмек сұраған. Полиция мен жедел жәрдем көлігі дереу жетіп, қаскөйлерді ұстаған. Жігіттің айтуынша, өзін азаптаған екеудің тергеуі 28 қыркүйекте аяқталады. Ол әлгі екеуі жазадан сытылып шықса не болады деп қорқады.
Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, бас-сүйектің жарылуы, бас-бет жарақаттары, І-ІІ деңгейдегі термикалық күйік, аяқтың сынуы сынды диагноздар қойған.
Қазір ол ата-анасымен бірге тұрады. Бірақ олар ұлының төсек қатынасы таңдауын білгенде қуана қоймаған, бірақ оны үнсіз қабыл алған. Аян қазір жұмыс істей алмайды.