-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Әлеуметтік желіде танысқан» Жамбыл облысында қыз алып қашқан жігіттер 7 жылға сотталып кетті

    Жамбыл облысында Қордай аудандық сотының үкімімен 4 жігіт 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Түркістан облысының тұрғындары қыз алып қашпақ болған екен. Ал олардың көлігі қылмыс құралы ретінде тәркіленді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, оқиға 2018 жылдың күзінде жігіттің Қордау аулында тұратын қызбен танысуынан басталған. Жастар әлеуметтік желіде біраз сөйлесіп жүргеннен кейін, жігіт қызды алып қашуды ұйғарыпты. Осылайша, үйленбек болған жігіт бұл ойын үш танысына айтып, артынша көлікпен Қордай ауданына аттанады.

    Мұнан кейін олар қыздың ұялы телефонына қоңырау шалып, кездесуді ұсынған. Алайда қыз бас тартыпты.

    «Жігіттер алып қашу туралы ойын соңына дейін жеткізбек болып, қыздың үйін торуылдаған. Осылайша, қызды көшеде жолықтырып қалыпты. Олар қыздың бас тартқанына және қарсылығына қарамастан, күштеп көлікке отырғызып, Түркістан облысына аттанған», — дейді прокуратурадағылар.

    Алайда жас жігіттердің ойы жүзеге аспай, қаладан шығып бара жатқанда оларды полицейлер тоқтатып, ұстаған.

    «Егер бұған дейін қыз алып қашу қазақ дәстүрі болып саналса, бүгінде заман талабына сай, ол қылмыс болып табылады. Осыған байланысты, облыстық прокуратура жігіттердің қыз алып қашу туралы ойланбай жасаған әрекетінің салдары ауыр болып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті», — дейді ведомстводағылар.

    Ал алып қашқан қызды өз еркімен босатқан тұлғалар өз әрекеттерінде басқа да қылмыс құрамы болмаған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

    қатысты посттар

    Зеленский кинодағы образының жетістігін өмірде қайталады

    Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    «Тұншықтырып өлтіріп, кейін өртеп жіберген»: Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қыздың денесі табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.