-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    «Менің бесінші «тәжімді»  тартып алды…» — Нұрдәулетовтен жеңілген кубалық боксшы күтпеген мәлімдеме жасады

    Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатының жартылай финалында кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Крус қазақстандық Бекзат Нұрдәулетовтен жеңілді.

    «Мен жеңілгенді ұнатпаймын. Мен әлем чемпионатына бесінші алтын медаль алу үшін бардым. Төрешілер ол жеңді деп шешті. Алайда бұл әділ шешім болған жоқ. Жекпе-жекте мен жеңіске жеттім деп ойлаймын. Төрешілер әлем чемпионатындағы менің бесінші «тәжімді»  тартып алды деп есептеймін», — деді кубалық боксшы.

    Ла Крустың айтуынша, ол бапкерлері айтқан ақыл-кеңеске құлақ асқан. Жекпе-жекті жақсы аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

    «Мен жеңілдім деп санамаймын. Спортта осылай болып тұрады. Бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Бірақ ол жақсы боксшы, әлі жас. Сондықтан бұл жолды әлі өтуі тиіс», деді Ла Крус.

    Еске сала кетсек, Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында әлем чемпионы атанды. Ол жартылай финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы Хулио Ла Крусты жеңіп, сенсация жасаған болатын. Танымал спортшы нокдаун да алып қалды. Осыдан үш жыл бұрын Рио Олимпиадасында дәл осы кубалық боксшы қазақ Әділбек Ниязымбетовтен басым түсіп, чемпион болған еді.

    қатысты посттар

    Хабиб Нұрмағамедов Макгрегор туралы: Ол қызғаншақ әйел сияқты

    «Бізді кәсіби маман емес деп айыптау күлкілі…» — Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді

    Головкин Альвареспен үшінші кездесу өткізудің басты шартын атады

    Пікір қалдыру

    17 − 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.