Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Ақтөбеде прокуратура алдында митинг болды

    Ақтөбеде үй аламын деп алданғандар бүгін облыстық прокуратураға басып кірді. Сөздерінше салымшылар тұрғын үй кооперативіне баспана алу үшін ақша салып, кейін дымсыз қалған. Үй аламыз деп миллиондарынан айырылған салымшылар  директор келіншектің жетпіске жуық салымшының алдындағы қарызы 154 миллион теңгеге жеткенін айтады. Алайда  үстінен іс қозғалғанымен, сот жүктілігіне байланысты қамауға санкция беруден бас тартыпты. Енді салымшылар мүлдем жазасыз кете ме деп қорқады. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zhasalash-қа сілтеме жасап хабарлайды.

    Жарнамасы жаңғырған кооперативке үй аламыз деп қалталарындағы бар жинағандарын салған салымшылар бүгінде сан соқтық деп отыр. Сөздерінше   «Вест Хауз» деп аталатын кооператив салымшыларынан баспана бағасының отыз пайызын алып, қалғанын нөл пайызбен несиеге үй алып береміз деп  алдап соқты дейді. Бүгін жиырмаға жуық салымшы облыстық прокуратура алдына келіп,  наразылықтарын білдірді.

    «Мен 2018 жылдың қазан айында  екі миллион отыз мың теңге бердім. Яғни пәтердің 30 пайызын. Келісім шарт бойынша мен март айында уже үйге кіріп отыру керек едім. Сонымен ақпан өтті, наурыз өтті. Ешқандай хабар жоқ. Бұл кооперативке алданған адамдар өте көп», —  дейді Нұрлыайым ДОСМҰХАНБЕТОВ

    «Вест хаузға» былтыр шілдеде 870 000 теңге салдым. Бір жыл да екі ай болды. Сізге үш айда үй береміз деді. Төлеп, келісім шартқа тұрып, енді үш ай болсын деп күттік. Үш айдан кейін келсек көшіп кеткен. Біздер жәрдем сұрап келіп тұрмыз. Барлық жерге арыз жаздық. Ешқандай қозғалыс жоқ», —  дейді облыстық прокуратура алдына  келген Сәлима ЕБЕНОВА.

    Алданған салымшылар полиция департаментінен бастап, сот, прокуратураға дейін арызданғандарын айтады. Алайда арада бір жылдай уақыт өтсе де мәселе әлі шешілер емес.  Бүгін прокуратура алдына жиналған салымшыларды облыстық прокурордың орынбасарының өзі қабылдап, сол жерге істі тергеушілерге дейін шақыртыпты. Алайда полицейлер тергеу жұмыстары  бір жылдан әлі асқан жоқ деп отыр. Дегенмен ұзаққа созылып кеткенін мойындайды.

    «Сотқа дейінгі тергеп тексеру өндірісі осы жылдың мамыр айында басталды. Алайда оның ұзақ уақыт тергелуі ол қылмыстық істің аса күрделілігі. Соңғы жәбірленуші қылмыстық іс бойынша 26шы тамыз күні келді. Күннен күнге жәбірленушілердің саны өсіп жатыр. Сол себептен тергеу созылып жатыр», —  дейді Ақтөбе қаласы полиция басқармасы бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Әсет ҚАЛИЕВ.

    Салымшылардан алаяқтықпен ақша жинады деген «Вест Хауз» кооперативінің директорының үстінен қозғалған істің баяу тергеліп жатқанын прокурорлар да біледі және бақылауда ұстап отыр екен. Сол үшін жақында ғана тергеушілерге қатысты тәртіптік жаза қолдану үшін полиция департаментіне қаулы да жібердік дейді.

    «Әрине бақылауда ұстап отырмыз. Нақты қылмыстық іс бойынша бізден екі рет  нұсқау берілді. Және де осы созбалыққа салынғаны үшін тәртіптік жаза қолдану үшін ішкі істер басқармасы атына қаулы қабылданды. Оның қорытындысы жеті күннен кейін дайын болады», —  дейді   Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Бауыржан МЕНДЕБАЕВ.

    Прокурорлардың айтуынша тұрғындарды алдаған кооператив басшысы жүктіліктің сегізінші айында. Сондықтан қамауға алынбаған. Ал тергеушілер жақын арада сараптама қорытындысы дайын болады. Сосын істі сотқа жөнелтеміз деп отыр.

    қатысты посттар

    «Жаңа Президент Тоқаевтың осындай жаңалықтарына қуанбағанда не істейсің?»

    Фариза

    «Өмірім үшін қорқамын» Жігіті ұрып-соғып, ақшасын тартып алған алматылық қыз сұмдық суреттерін жариялады

    Фариза

    Шымкент қаласында гомосексуалдар митингіге шықпақшы

    Пікір қалдыру

    twelve − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.