-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Елордалық жас сарбаздар Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттануда

    Шаңырағы биік үйдің босағасы да берік болуы керек. Елордамызда бұл күндері күзгі әскерге шақыру науқаны қызу жүруде. Мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздардың орнына жас әскерге шақырушылар әскери бөлімдерге жөнелтіліп жатыр. «Алдыңғы буын – ағалар, кейінгі буын – інілер» деп халқымыз айтпақшы бұл үдіс елімізде көкте мен күзде жылдар бойы толассыз жүріп келеді.

    Бүгінгі күндері де Нұр-Сұлтан қаласының жиын пунктіндегі жас сарбаздар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметініңқатарына 2019 жылғы күзгі шақырылымның жас толымы болып аттануда.

    ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жөнелтілетін жас сарбаздар, әскери ант қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы шығысындағы шекара бекеттеріне барып, ел тыныштығын қорғамақ. Ал келесі бір бөлігі Маңғыстау өңірінде әскери кемелерде Каспи теңізіндегі еліміздің шекарасын күзетпек.  

    Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары – Жасақтау басқармасының бастығы подполковник Рустам Жүсіпұлы Жалбинов былай дейді:

    Қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастапмерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды шақыру науқаны бастау алған болатын. Осы уақытқа дейін әскери бөлімдерге жас толымның төрт командасын жіберіп үлгердік.Қазір жастарымыз 12 ай, яғни бір жыл қызмет атқарады.

    Қарулы күштеріміз озық технологиялар және заманауи техникалармен кеңінен жабдықталуда. Сол себепті әскеріміздің қатарын жас сарбаздармен толықтыруды сапалы жүргізуге аса көңіл бөлудеміз. Бұл күндері «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»дегендей, әскери қызметке білімді де білікті, денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыдан сабырлы, байыпты жастардың арасынан үздіктердің үздігін, әскери бөлімдерге қажетті мамандық иелерін алдын ала дайындап отырмыз. Әскери бөлім командирлерінен біздің жөнелткен Елордалық сарбаздарымыздың үздік қызметтері мен елдің қорғаныс қабілеттілігіне қосып отырған еңбектері туралы алғыстары да келіп отыр.  

    Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігінің өкілдері, Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, сондай-ақ ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың туған-туыстары қатысты.

    Іс-шараға келген ҚР ҚК ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары оларға Отан алдындағы борышын адал өтеп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің батырлығын дәріптеп, сарбаздық қызметті абыроймен атқарып, үйлеріне үздік қызметіне деген марапаттармен оралуларын тіледі.

    Шығарып салушылардың ішінде әжелердің атанан Сайран Өміржанова, әкелер атынан Хасенов Нұрдаулет, аналардың атынан Кенжегузинова Айнаш, әскерге шақырылушы жастардың келесі ұрпағы жастардың атынан Тихолиз Владислав жас сарбаздарға сәт сапар тілеп көпшілік тілегін білдірді.

    Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті штаб бастығы подполковник Айдын Айтбайұлы Сағынбековте жас сарбаздарға жүктелетін қызмет маңызын түсіндіре келе Елорда жастарына әскери қызметте табыс тіледі.  

    Аға буынның ізгі тілектерінен кейін сарбаздар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, аяқталғаннан кейін естелік фотоға түсірілді.

    Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының әншілері Диана Май мен Дәстүр Асылхан жиналған көпшіліктің көңілін көтеріп, жас сарбаздардың мерейін тасытты.

    Жалпы осы күзде Нұр-Сұлтан қаласының 800-ден астам шақыру жасындағы азаматтары Қарулы Күштердің, Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қатарына Отан алдындағы борышын атқару үшін аттанатын болады.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Сырдария ауданында соңғы 2 науқас емделіп шықты

    Фариза

    Шығыс Қазақстан облысында 12 сантиметр қар жауды

    Фариза

    Қызылорда облысынан Ресейге қарбыз жөнелтілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.