-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Қоғам

    «Мен ары қарай тығыла алмаймын, мен Махдимін» Әйел өзін Мұхаммед Пайғамбардың ізбасарымын деп таныстырды

    Бішкек тұрғыны Мээрим Черикбаева өзін қазір бүкіл әлем аңтарылып, іздеп жатқан Мұхаммед пайғамбардың ізбасары, Алланың Жер бетіне жіберген соңғы елшісі — Махди екенін айтты. Ол бұл туралы 19 қыркүйекте арнайы өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Оның жасы 33-те. Ол ел қатарлы біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатқан. Бірақ 8 жыл бұрын ол бегісіз дертке шалдығып, қатты ауырады. Дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмаған. Осы уақыт аралығында қыз ешкіммен сөйлеспей, тіпті жұмыс істеуге жарамай қала сыртына көшуге мәжбүр болыпты.

    2015 жылы оған аян беріліпті. Түсінде оның маңдайына «Махди» деген сөз жазылып, қасына қара, үлкен мөр басылыпты.

    «Ондай мөрді маған ғана басқан, сол кезден бастап мен Махдидің аурасымен өмір сүремін. Бұрын намаз оқушы едім, қазір оны қойып кеттім. Сол түсті көргеннен кейін. Намаз оқып жүргенімде маңдайымнан жарық сәуле шығатын. Қазір ол жоғалып кетті», — дейді Мээрим.

    Ол өзінің 8 жыл бойына жападан-жалғыз тұрғанын айтады. Махди аурасы берілгелі ол тіпті, достарымен де, туған-туыстарымен де сөйлесуді қойған. Өйткені ол көз тие ме деп қорқады екен, сондықтан адамдарға көп жақындай алмайды.

    «Мен ары қарай тығыла алмаймын! Менің міндетім – айту. Оны енді ел шешсін, басқа Махди енді болмайды!», деп салды ол баспасөз мәслихатында.

    Анықтама: Ислам жорамалы бойынша Махди деген ақыр заман таяғанда Жер бетіне жіберілетін Мұхаммед пайғамбардың ізбасары, соңғы елші.

    қатысты посттар

    Қостанайда бойжеткен көпқабатты ғимараттың бесінші қабатынан құлап, көз жұмды

    Фариза

    «Менің үнімді өшіру үшін арнайы шабуыл жасалмақшы» — Марғұлан Сейсембай

    42 500 теңгені алу үшін egov арқылы қалай өтініш жіберуге болады (нұсқаулық)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.