-3.1 C
Алматы
Понедельник, 30 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Қатын болып жүрген жеріңнен еркек қылдым!» Ерболат Төлеген журналистпен арадағы болған дау туралы айтып берді

    Халыққа «Шімән апа» деген бейнемен танылған актер Ерболат Төлеген журналист Бибігүл Дәулетбекқызымен арадағы болған дау-дамай туралы айтып ашынды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі

    «Әлеуметтік желіге бас сұғып отыруға көп күннен бері уақытым болмай кетті. Ләйла Сұлтанқызы мен Бибігүл Дәулетбекқызының дауына қатысты менің де айтарым бар — ол шындық. Өйткені, кімнің кім екенін жұрт білуі тиіс! Былтыр Бибігүл Дәулетбекқызының мені «Алматы» арнасынан шығатын «Беу, туған жер» деген бағдарламаға жүргізуші болып келуімді өтінді. Келісім бойынша Бибігүл маған бүкіл еңбегім үшін 700 мың теңге төлейтін болды. Басында бәрі осылай әп-әдемі басталған. Жұмыс толық аяқталғанда Бибігүл уәдесінде тұрмай, маған 250 мың теңге ғана төледі. Қалған 450 мың теңгені төлеуден түрлі сылтау айтып, қаша бастады. Осылай айтысып жүргенде тағы бір бағдарламаны қосымша түсіруіміз керек боп қалды. Бірақ сол бағдарламадан кейін қалған 450 мың теңгемді төлейсің» деп, арқасынан қақтым. «Иә, иә! Төлеймін!» деп орнынан қуана атып тұрды. Бірақ қайдағы төлеген? Бағдарлама біте салысымен жазылған флешканы алды да маған «сау бол!» деместен тайып тұрды. Арада бірнеше күн өтті. Бибігүлден тырс еткен хабар жоқ. «Телеарна шынымен төлемей жатқан шығар» деген оймен «Алматы» арнасына, Рита Кенжеаловнаға бардым. Сөйтсем, Рита Кенжеаловна: «Біз Бибігүлге қарыз емеспіз. Бүкіл ақшасын баяғыда төлеп қойғанбыз!» дейді. Ауылдан анам келіп, көлікте келе жатқанбыз. Есіме Бибігүлден алашақ ақшам түсіп, анамның көзінше телефон соға қойғам. Арғы жақтан Бибігүл телефонды көтерер-көтермес: «Ей! Ептывайымайт! (автордың жазбасы бойынша өзгеріссіз алынды — ред.) Мен сені жұлдыз қылдым! Қатын болып жүрген жеріңнен еркек қылдым! Миымды ашытпай жоғал, ары!» деп айқай салды да, трубканы тастай салды. Бұл сөздерді жанымда отырған анам да естіп отыр», — деп жазады ол İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

    https://www.instagram.com/p/B2dejV_nhQV/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    «Нұрғали Нүсіпжановтан қаламыз ба?»

    Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды?

    Игорь Крутой: Димаштың бұл бейнебаяны «бомба» болады (видео)

    Пікір қалдыру

    4 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.