-11.1 C
Алматы
Воскресенье, 22 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Жүрегі шыдамады» Жанардың туыстары министр Тұрғымбаевтың сөзін жоққа шығарды

    Жанар Хамитованың ағасы Тиышбек Хамитовтің айтуынша, әншінің қазасына оның басында болған жайттар себеп болған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әнші Жанар Хамитованың туыстары, оның өзіне-өзі қол салғанын жоққа шығарды.

    Марқұмның туысқан ағасы «Астана» арнасына қарындасының қазасына мүлде басқа жағдай себеп болғанын хабарлады. Дегенмен қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтауға кіріскен.

    Қайғылы жағдай Қарқаралы ауданындағы әкесінің үйінде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылғанымен, әншіге араша бола алмапты. Дегенмен Жанардың жұмбақ өліміне қатысты түрлі қауесет тарап үлгерді. Әлеуметтік желідегі жазбаларда, әнші өзіне қол салды, асылып қалды деген ақпараттар жылдам тарады.

    Полиция «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен тергеу жұмыстарын бастады. Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та әншінің өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан болатын.

    Алайда марқұмның туыстары әншінің өзіне қол жұмсағанын жоққа шығарып отыр. Өзін туысқан ағасымен деп таныстырған Тиышбек Хамитовтің айтуынша, қарындасының қазасына оның басында болған жайттар себеп болған. Жүрегіне салмақ салды дейді

    «Ондай ештеңе болған жоқ. Жүрегі шыдамады. Үйде тазалық жұмыстарын істеп жатты, 1-2 күнге келген. Ондай ештеңе болған жоқ. Жүрегі нашар болды. Бір нәрсеге алаңдаған болса керек. Алтын бала ол. Шығармашылықтың адам еді», — дейді Тиышбек Хамитов.

    Жанар отбасындағы үш баланың үлкені. 12 жасынан бастап үлкен сахналарда өнер көрсете бастаған. 2006 жылы «SuperStar KZ» мега-жобасына қатысып, үздіктер санатына қосылды. Кейін «Арнау» дуэтінде ән салғанын көпшілік жақсы біледі. Алайда 2009 жылы әнші сахнадан көрінбей кетті. Былтыр ғана көпшілік алдына қайта шығып, ауыр тағдыры жайлы сұқбат берген болатын. Ауқатты күйеуі екі ұлын алып қалып, өзін қуып жібергенін айтқан еді. Бір сұқбатында қорғаушы жалдап балаларын өзіне қайтаруға тырысып жүргенін де жеткізген.  Дегенмен психологтар күйзелістің соңы көп жағдай суицидке апаратынын мойындайды.

    «Бұл ұзақ уақытқа созылатын депрессивтік күйдің салдары болып табылады. Қоршаған ортада мысалы, адамның бойында туындаған моральдық сұрақтарға адам ұзақ уақыт жауап таппайды. Неге? Қалай? деген секілді. Көбінесе ол жақын адамдармен сөйлесетін болса, қолдау көрсететін болса психологиялық тұрғыдан ситуацияны шешуге болады», — деп түсіндірді Е.Бөкетов атындағы ҚАРМУ психология кафедрасының аға оқытушысы Кәмшат Игембаева.

    қатысты посттар

    «Әншілер халықтың қалтасынан ақша суырып жатқан жоқ» Рамазан Стамғазиев тойға тыйым салуға қарсы шықты

    Фариза

    «Екі ер адам төсекте жалаңаш жатқан…» Танымал актер полицияға арыз жазды

    Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концерті – желіде толық видеосы жарияланды

    Пікір қалдыру

    three × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.