Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Үй жинап, еден жуып жатқан…» — Жанар Хамитованың өлімі жайында ағасы айтып берді

    Жанар Хамитова 30 жасында қыршыннан қиылды. Желіде жас әншінің асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Ал, Жанардың ағасы қазаның қалай болғанын хабарлады. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Журналист Дина Төлепберген парақшасында әншінің ағасы Тәшібек Хамитовтың сұхбатын жариялады. Ол әншінің неден көз жұмғанын айтты.

    «Жанардың Қарқаралыға келгеніне екі-үш күн болған. Үй жинап, еден жуып жатқанында жүрегі тоқтап мерт болды. «Асылып қалды» деп желіде тарап жатқан қаңқу әңгіменің бәрі жалған», — деді ол Руслан Өтепбайға берген сқхбатында.

    «Қаңқу, қауесеттен ада болып, жақындарына көңіл айтайық», — дейді Руслан Өтебай.

    Бүгін Жанар Хамитованың қаза болғаны туралы қаралы хабар жарияланды. Желіде әншінің асылып қалғаны туралы да айтылып жатты.

    Әншінің қазасын полиция растап, тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

    «Желіде Жанар жайлы қанқу сөздер өріп жүр. «Асылып қалыпты, өзіне қол жұмсапты» деп көсіліп жатыр білгіштер. Ал шынтуайтына келгенде Жанардың нәзік жүрегі мына өрімтал өмірге шыдас бермей өз соғуын тоқтатты. Нақтысы осы. Жалған ақпаратқа бой алдырмайық. Жанар, жатқан жерің жайлы болсын», — деп жазд Дина Төлепберген.

    Жанар Хамитованың жерлеу рәсімі сәрсенбі күні өтеді.

    қатысты посттар

    «Әркім өзінің қолынан келетін шаруамен айналысқаны дұрыс» Досхан Жолжақсынов Қыдырәлі Болманов пен Мейрамбек Бесбаевты сынға алды

    Фариза

    «Қыздар ана жерлеріңе ие болыңдар…»

    Депутат қаржы пирамидаларын жарнамалайтын танымал адамдарды жауапқа тартуды ұсынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.