-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    «Есікті аш деп шырылдадық» Шамалған станциясында болған апаттың қалай болғанын жолаушылардың бірі айтып берді

    Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апаттың қалай болғанын жолаушылардың бірі айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    «Барлығымыз шуладық, есікті аш деп шырылдадық. Көзі байланып қалды. Құдай көріп тұр. Пойыз келе жатыр. Бәріміз ішіндеміз, шырылдадық. Есікті ашпады. Мен артында отырдым. Автобус адамға толы болды. Көліктің алдында да, артында да кептеліс болды. Ол жерде шынымен шығатын жер жоқ. Автобус жүргізушісі есікті ашпай отырды. Енді ол қайтыс болды. Бірақ шыны керек, оның көзі байланды. Мына жерге көпір керек. Мен Жамбыл ауылынан вокзалға бара жатқанмын. Қаскелең жақтан келе жатқанмын. Бізге көпір керек бұл жерге. Өмірі көпір саламыз дейді, салмайды», деді өзін куәгер, әрі автобустың ішінде болған жолаушының бірімін деп таныстырған Қайратбек Қалдықұлов.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның екеуі бала. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Істің тергелуін Бас көліктік прокуратура өз бақылауына алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.

    қатысты посттар

    Алматыдағы ірі жол апаты: жүк көлігінен секірген жүргізуші қайтыс болды

    Фариза

    «Жігіттер ақылға салмай, намысқа беріліп кетті деп ойлаймын» — Асанәлі Әшімов Қордайдағы жанжалға қатысты

    «200-ге жуық адамды басқа облыстарға апарып тастадық…» — Министрлік

    Пікір қалдыру

    two + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.