-2.1 C
Алматы
Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Адамдардың өмірін жалмаған жол 11 жылдан бері шешімін таппай келеді

    Күні кеше Шамалғанда болған жол апаты бүкіл Қазақстанды алаңдатып отыр. Дегенмен, бұл аталған станция маңындағы Шамалғанда орын алып отырған бірінші оқиға емес. Бұған дейін де халық пойыз өтетін жерден арнайы көліктерге арналған көпір салып беруін айтып үкіметке шағымданған болатын. Бірақ, естір құлақ болмады ма, халық соның салдарынан тағы да зардап шегіп отыр. Ендеше, Шамалғанда станция маңында орын алған жол апаттарының бірнешесіне тоқталып өтейік:

    2016 жылы Шамалған станциясы маңында жол көліп апаты болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, бір баланы ауыр халде аурухана жеткізген.

    2017 жылдың қараша айында Ақсеңгір-Шамалған өткелінде пойыздардың жиі жүруіне байланысты шақырымдық кептелістердің пайда болатыны туралы халық арызданған.

    «Қарасай ауданындағы Шамалған станциясы — үлкен станциялардың бірі. Бірақ, ол туралы ешкім білмейді, ешкім естімеген. Тұрғындар бұл жерге көпір орнатсын деп қанша айтты. Заң бойынша бұл жерге мост салынып қойған екен. Бірақ, көріп тұрған көпіріміз жоқ. Бөлінген қаржы біреулердің қалтасына кетіп жатыр. 4 сағаттық кептелісте тұрамыз»- деп ашынды аудан тұрғыны.

    Дәл осы 2017 жылы теміржол мен жеңіл көліктердің жолына байланысты 7 адам қазақ тапқан болатын.

    2018 жыдың 17 маусымында дәл аталған станцияда тағы да жол апаты орын алған. Дегенмен, бұл  жол апатында қанша адамның қаза тапқандығы жөнінде нақты мәлімет жоқ. Зардап шеккендердің саны көп болуы мүмкін деген ғана болжам бар.

    2019 жылдың 15 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында «Алматы-Қостанай» жазуы бар пойыз «Шамалған-Алматы» бағыты бойынша кетіп бара жатқан «Сетра» маркалы жолаушылар автобусымен соқтысып қалды.

    Алдын ала ақпарат бойынша, автобус бағдаршамның тыйым салынған дабылына шығып кеткен. Соның салдарынан соқтығысу орын алған. Аталған оқиғадан, 1 адам қаза тауып, 9 адам зардап шекті, 2014 және 2016 жылы туған балалар мен 33 жастағы әйел Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.

     2019 жылдың өзінде Шамалған станциясына байланысты 9 адамның өлімі тіркелген.

    Қарап отырғанымыздай, бұл жерде көлік апатының орын алып, адамдардың қаза табуы бірінші рет болып отырған жағдай емес. Бұған дейін де халық жол көлік кептілісіне байланысты, сондай-ақ  жол апаттары салдарынан қаза тапқан ауылдастары үшін үкіметке қанша рет арызданған. Дегенмен, 2017 жылы қолданысқа берілуі керек көпір де жоқ, шешілген мәселе де жоқ.

     Ал, бүгін кешегі ірі жол апатына байланысты Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев мәлімдеме жасапты. Әкімнің айтуы бойынша, дәл оқиға болған орында көпір салу мүмкін емес. Көпір аталған жерден 600-700 метр шақырымда салынады деді.

    Біреу зардап шекпесе, халық шуламаса, қозғалмайтын үкіметтің ауызбен ғана айтып бітіретін уәделеріне халық ендігі қарап отыра алмайтындығын білдіруде.

    Аталған оқиға президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың да құлағына жетіпті. Ол бұл мәселеге көңіл айтып, тезірек шешуге тапсырма берген. Сондай-ақ, Қарасай ауданының әкімі де күні ертең аудан тұрғындарын жинап, салынғалы жатқан көпірдің құрылысымен таныстырып, істің мән-жайын түсіндірмек. Қанша жылдар бойы көлік жолының зардабын тартып, жақындарынан айырылып жапа шеккен тұрғындардың ендігі үміті ақталады ма алдағы уақытта көретін боламыз.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Түркістан облысында бес ауылды су басты

    Фариза

    Ішімдіке сылқия тойып алған әйел өзінің екі баласын үйімен бірге өртеп жіберген

    «Орда» тобындағы ағайынды Беделхановтардың ата-анасы қаза тапты

    Пікір қалдыру

    18 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.