Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ бизнесмендерді қорқыту арқылы ақша мен мүлік бопсалап келген

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізіп, рэкетпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputnıknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті арнайы операция кезінде этникалық қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар көп уақыттан бері бизнесмендерді қорқытып, ақша мен мүлік бопсалап келген.

    «10 қыркүйекте елордада арнайы операция өткізіліп, қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден ойдан шығарылған қарызын қайтару үшін «Toyota» автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталды», — делінген ресми хабарламада.

    Топ мүшелерін ұстау кезінде 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша тәркіленді.

    Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Алматыда Bek Air ұшағы құлады

    Фариза

    «Анализді өтірік қабылдап алып, кеткен соң қоқысқа тастайды» Шымкентте балалар ауруханасының дәрігерлері сұмдық жайттарды мәлімдеді

    Фариза

    «Күдікті әлі табылған жоқ» Бойжеткенді аяусыз ұрып-соғып, зорлаған жүргізуші іздестірілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.