2 C
Алматы
Среда, 13 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    «Миында 7 жерден ісік болған…» — белгілі әнші басынан өткен қайғылы оқиғасымен бөлісті

    Белгілі әнші Маржан Арапбаева жұбайымен қалай кездескенін, қандай ана екенін және не үшін өкінетінін айтты. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Анасы туралы естеліктер

    Арапбаева анасы дүние салған кезде неге жанында бола алмағанын еске алды. Қайғылы хабар еткенде, әнші бірден жолға шыққан. Алайда үлгермей қалды. Бұл туралы ол «Қарақатпен шай»бағдарламасына берген сұқбатында айтып берді.

    «Ол кезде жағдай болмады деп айтайын десем де, олай емес шығар. Мен кәдімгі плацкарт вагонда қызым екеуіміз бардық. Шын мәнінде, табылған билет сол ғана болған шығар. Ұшаққа отырып, ұшып кетуге жағдайым болған жоқ. Ол рас. Сенің жағдайың болған жоқ қой. Мүмкіндігің болса, сен аямас едің дегендей өз-өзімді жұбатып қоямын», — деді әнші.

    Арапбаеваның анасы жарты жыл бойы аса ауыр сырқатпен күрескен. Алпыс жасында көз жұмды.

    «Мама, мен сізді жақсы көремін, қатты жақсы көремін, менің сары мамам деп неге көбірек айтпадым деп өкінемін. Миында 7 жерден ісік болған. Бізге дәрігерлер «дайындалыңдар, сендерді танымай қалатын кездері де болады» деп айтты. Дүниеден озғанша бәрімізді танып, біліп, қалжыңдап кетті. Бірақ кейде уақытты кішкене шатыстырып жүрді. Біз алты ай бойы күрестік. Анамның қасында болдық. Мен кәдімгідей медбике болдым», — деді Арапбаева.

    Қазір әншінің әкесі ауылда тұрады. Екінші рет үйленген.

    «Анам әкелерің момын, жалғыз қалып қалады деп жазады. Сендер жан-жаққа кетесіңдер, үйлендіріңдер деп айтатын. Бізге өтініш айтқан жоқ, бұйрық берді. Ағайын жұртқа айттық, бірақ әкем келіншегін өзі Тараз қаласынан тауып алып, дайындалыңдар, танысасыңдар деген күн болды», — деп еске алады Арапбаева.

    Әнші алты баланың ішінде тек өзі ғана анасына ұқсайтынын айтады. Әншілік өнері де нағашы жағынан дарыған екен.

    «Бірақ мұны әкем жағы естісе, ренжіп қалуы мүмкін. Арапбай атаң қолына домбыра алып, ән айтатын, неге мұны айтпайсың деп кейде әкемнің әпкелері ұрысқан кездер болған. Сондықтан өнер екі жағымда да бар», — деп жауап берді әнші.

    «Көбінесе мен кешірім сұраймын»

    Арапбаева өзінің отбасына қатысты сауалға да жауап берді. Әнші мен күйеуінің ортақ екі қызы бар. Сондай-ақ, Маржан бірінші некесінен бір қызы мен жолдасының бір ұлы бар екенін атап өтті. Ол ата-әжесінің қолында. Әнші жолдасымен келіспей қалатын кездер болатынын да жасырмады.

    «Көбінесе қателік менен кетеді. Көбінесе мен кешірім сұраймын. Қызғанады. Тамаққа өте шыдамсыз Ерекең. Ол «мен бір нәрседен қателеспеген екенмін. Сен тамақты уақытылы және дәмді дайындайсың. Сол жағынан өте қуанамын» деп айтады. Үйде көмекшіміз бар. Ол да көмектеседі», — дейді Арапбаева.

    Әншінің жоспары

    Әнші болашақта кәсіп ашуды жоспарлап жүргенін айтады. Ол міндетті түрде тамақпен байланысты болады деп отыр. Арапбаевның айтуынша, адамның айналысатын кәсібі өзіне ұнауы керек. Ол өзі басы-қасында жүрып, кейбір күндері шағын дәмханасында ән айтуды да жоспарлап отыр.

    Сондай-ақ, Арапбаева жақын арада шығармашылық кеш ұйымдастырмақ. Алайда нақты уақыты белгісіз.

    қатысты посттар

    Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды?

    Қызына иттің майын қинап жегізген Баян Алагөзова көптің сынына қалды (видео)

    Фариза

    Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетанына жауап берді (видео)

    Пікір қалдыру

    13 + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.