-1.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға Саясат

    Қытайда қазақ әндерін таратқаны үшін 19 жастағы бала 15 жылға бас бостандығынан айырылды

    Синьцзянның солтүстік-батыс аймағында Қытай билігі әлеуметтік желі арқылы Қазақстанның әндерін таратқаны үшін 30-дан аса адамды қамауға алған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі rfa.org сілтеме жасап.

    Қытай халық республикасында 1,5 миллион халық тұрады. Ал олардың көпшілігі Іле аймағында шоғырланған.

    «Жақында Іле полициясы 30-ға жуық этникалық ұлт өкілдерін» заңсыз шетелдік видеоларды таратып жатыр» — деп айыптады», — дейді Нұрбек есімді Қытайдан келген қандасымыз.

    «Олар 30 адамды қазақ әндерін таратқаны үшін қамауға алған, тіпті олардың біреуі 15 жылға бас бостандығынан айырылған көрінеді», — деді Нұрбек.

    Нұрбектің сөзіне қарағанда аталған оқиға осы жылдың тамыз және шілде айларында болған. Сондай-ақ олардың бірі Кастира Борат бар болғаны 19 жаста екен.

    Кастирдің  Дилнұр есімді туыс ағасы інісінің заңсыз видеоларды таратқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырғандығын растады.

    «Менің анамның әпкесінің ұлы Кастир 7 шілде күні қазақстандық әншінің әнін әлеуметтік желіде таратқаны үшін қамауға алынды. Ол бар болғаны 19 жаста, мектепті жақында ғана бітірген еді» — дейді Дилнур.

    Дилнур Кастирге соттың үкімі 6 тамыз күні шыққандығын айтады. Ал бұл хабар Кастирдің отбасына тек 8 тамыз күні жеткен.

    Бір айдың ішінде олар қазақстандық әншілердің әндерін тыңдағаны үшін 30 адамды тұтқынға алған.

    Дилнурдың сөзінше Кастирдің отбасына сот үкімінен кейін онымен кездесуге рұқсат бермеген. Оның адвокатынада тыйым салған.

    Ал сот қызметкерлері оларға мүлде жауап беруден бас тартқан.

    Қамауға алғандардың отбасын полиция қызметкерлері бопсалап, олардан ақша талап еткен. Бірақ, ақшаны алғаннан кейін де олар қамауға алынғандарды босатпаған.

    Тіпті күйеуін босатып алу үшін тұтқынға алынғандардың бірінің әйелі үйін де сатқан көрінеді. Бірақ, одан еш нәтиже шықпай күйеуі түрмеге қамалған. Оның отбасы қамауға алынып, балалары жетімдер үйіне жіберілген. Ал үйінде тек тіпті, ішіп-жеудің өзіне шамасы келмейтін екі қарт қана қалған екен.

    Нұрбек көптеген туыстарының елге оралуына Қытай билігі қарсы болып отырғандығын айтады.

    2017 жылдан бастап Қытайдың коммунистік партиясы Синьцзянда миллионнан астам этникалық ұйғыр, қазақ, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдерін қамауда ұстап отыр.

    Қытай билігі бастапқыда Ұйғыр автономиялық ауданындағы саяси үрету лагерін жоққа шығарған болатын, кейіннен оны мектеп-интернат деп атауға көшкен. Олардың айтуынша, бұл жүйе мемлекетте террористік қылмыстың орын алуынан қорғайды дейді.

    Көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше лагерде қамауға алынғандарға күзетшілердің дөрекілік танытатындығын айтады. Сондай-ақ тұтқындарға лагерде дұрыс тамақ берілмеді және гигиена сақталмайтын жерде өмір сүруге мәжбүр болып отыр.

    қатысты посттар

    Кішкентай қызды зорламақ болған 75 жастағы қария оны кәмпит беріп, алдап шақырған (видео)

    Ұры 10 жастағы мектеп оқушысын пышақтап кетті

    «Қазақстандағы дүнген қауымдастығының басшысы Қытай билігінен көмек сұрауда»

    Пікір қалдыру

    13 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.