1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Жадо: Текті азаматтардың тоқалы, үшінші, төртінші әйелі болса, оның ешқандай айыбы жоқ

    Белгілі қазақстандық дизайнер Жадо шетелдікке тұрмысқа шығатын қазақ қыздарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақрарат агенттігі Neonomad.kz порталына сілтеме жасап.

    Күйеуіне тоқал алып берген Жадо шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қыздардың әрекетін құптамайды. Не болса да қазақтың қызы қазақтың ұрпағын көбейтуі керек дейді ол. Сол себепті текті азаматтардың тоқалы, үшінші, төртінші әйелі болса, оның ешқандай айыбы жоқ деген ұстанымда дизайнер.

    «Көп адам жолдасыма екінші әйел алып бергенімді біледі. Өйткені қазақтың текті азаматтарынан қазақтың қыздары ұлды, қызды болуы керек. Менің ойымша, 10-20 жылдан соң қартайған кезде сіз өзіңіздің тегіңізге тартасыз», – дейді Жадо.

    Әрі қарай ол қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шыққанша, қанды сақтап, елде тоқал болғанын артық екенін жеткізді.

    «Біз мұсылманбыз, біздің өзіміздің дәстүріміз бар. Сол себепті, біздің қазақтың қыздары үшінші әйелі бола берсін, тоқал бола берсін. Әрине, неге болмасқа? Сондықтан, қазақтың ұрпағын көбейту үшін қазақ қызы қазақ жігітке күйеуге шығуы керек», – дейді Жадо.

    Естеріңізге сала кетсек, белгілі этнограф тоқал алып бергеннен қазақ әйелдерінің тек ұтанын айтқан болатын.

    қатысты посттар

    Димаш «қазақ жігіттерінің ащы зарын жеткізді» (видео)

    Фариза

    «Әншілер халықтың қалтасынан ақша суырып жатқан жоқ» Рамазан Стамғазиев тойға тыйым салуға қарсы шықты

    Фариза

    «Ибалы келін еді, келсап болып шыға келді…» — қоғам белсендісі Қайрат Нұртастың әйеліне шүйлікті

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.