15 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Түркістанда жарылыс салдарынан бірнеше адамды күйік шалды (видео)

    Түркістан қаласында «ROYAL GRAND HOTEL» қонақүйінің аумағында болған жарылыс салдарынан бірнеше адамды күйік шалды. Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі jasqazaq.kz порталына сілтеме жасап.

    Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің сөзінше, тілсіз жаудың орын алуына газ цистернасының жарылуы себеп болған. «Бекзат Саттарханов көшесіндегі қонақүйде өрт орын алғаны туралы хабарлама 18:05- да түскен. Оқиға орнына келген кезде қонақүйдің шатыры жалындап, ғимараттың бірінші қабатының оң жақ беті жанып жатқаны анықталды. Сонымен қатар қонақүйдің артқы жағында газ цистернасын толтыру барысында газ тасымалдайтын автокөліктің жарылғаны мәлім болды. Өртті сөндіруге 17 техника мен 75 сөндіруші жұмылдырылды. Қазіргі таңда қаза болғандар анықталған жоқ», — дейді Нұрғали Жүнісов. Ведомство басшысының айтуынша, бірнеше адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі. Әзірге белгілісі, өрт 3 тонналық газ цистернасын толтыру кезінде шыққан. Сәл кейінірек ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім еткендей, жалынның таралуы 20.00-де тоқтатылып, 20.15-те толығымен ауыздықталды.

     

    қатысты посттар

    Ақтөбеде 13 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    Алматыда жер сілкінді

    Шымкентте ауызашарға дайындық кезінде қайғылы оқиға орын алды

    Пікір қалдыру

    3 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.