-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Алла олардың жазасын берсін» Елордада аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында шу шықты

    41 жастағы әйел ҚХА-да шу шығарып, полициядан ұлы мен қызын тауып беруді сұрады

    Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында шу шықты, деп хабарлайды Qazweek.kz Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Отырыста Бақытгүл Хасенова есімді ана өзінің өгей әкесі зорлағанын, әрі ұлы мен қызынан айырылып қалғанын айтып, полициядан көмек сұрады. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері анамен жеке сөйлесіп, оны сабырға шақырды. Кейін Бақытгүл Хасенова басынан өткен қиын жағдайды журналистерге айтып берді.

    Бақытгүл Хасенова 2 баласын қайтарып алғысы келеді
    Бақытгүл Хасенова 2 баласын қайтарып алғысы келеді

    Ата-анасынан зорлық-зомбылық көрген

    «Өгей әкем мен туған анамды заңға тартып, түрмеге отырғызуды сұраймын. Алла олардың жазасын берсін. Өгей әкем мені 13 жасымда зорлады. Оның зорлағанын туған анам көрген. Мен көп қиналдым», — деді ана көзіне жас алып.

    Ол 1999 жылы бұрынғы ҚР ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовтің жеке қабылдауында болғанын, зорлау фактісі бойынша полицияға арыз жазғанын атап өтті. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған.

    2 баласын қайтарып алғысы келеді

    Бақытгүл Хасенова 3 баласы барын айтады. Алайда 1995 жылғы ұлы мен 1996 жылғы қызын өгей әкесі балалар үйіне өткізіп жіберіпті. Оның айтуынша, балаларды 2004 жылы Лилия есімді әйел асырап алған.

    «2 баламды өгей әкем беріп жіберді. Менің атымнан бір әйелге айтып, «балаларымнан бас тартамын» деп хат жазғызыпты. Хатқа өтірік қол қойған. Мен балаларымнан бас тартқан жоқпын. Көкек ана емеспін. Мемлекеттік органдар ұлым мен қызымды тауып берсе екен. Мемлекеттен басқа ештеңе сұрамаймын», — деді 41 жастағы тұрғын.

    Бақытгүл Хасенова үшінші баласын, яғни кіші қызын екінші күйеуінен тапқанын айтады. Ендігі арманы – 3 баласының басын қосу.

    «Құлдықта болдым»

    Ол 2017 жылы қазіргі Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде құлдықта болғанын айтады. Ол жаққа ақша табу үшін барыпты.

    «2017 жылы 6-7 ай құлдықта болдым. Оңтүстік Қазақстан облысы Қожатоғай ауылының маңында Дарбаза деген ауыл бар. Шымкент қаласының маңайында. Сол жаққа мені бір адамдар алдап апарды. Онда кішкентай қызыммен бардым. Шыны керек, алданып қалдым. Маған қомақты қаражат ұсынған. Бірақ соңында 30 мың теңге ғана алдым. Таңертеңнен кешке дейін қорада жұмыс істедім. Тезек ойдым», — дейді Бақытгүл Хасенова.

    41 жастағы әйел құлдықтан туыстарының көмегімен құтылған.

    «Ондағы адамдар қашсақ ұстап алып отырды. Маған қол көтеріп, кішкентай қызымның басына мылтық кезеді. Соңында туыстарыма хабарласып, құлдықтан құтылдым. Бұл іс бойынша да полицияға арыз жаздым», — дейді ана.

    Инсульт алып, ауруханаға түскен

    Сөз соңында ол денсаулығы нашар екенін, инсульт алғанын атап өтті.

    «Алғашында MEGA Silk Way орталығының еденін жудым. Бірақ инсульт алып, ауруханаға түстім. Қазір жүрегім ауырады. Елордада Үкімет берген 1 бөлмелі үйім бар. Үшінші баламмен сонда тегін тұрып жатырмын. Ендігі мақсатым –балаларымды табу. Олармен араласқым келеді», — деді Бақытгүл Хасенова.

    қатысты посттар

    42 500 теңге алушылар үшін кезекті төртінші өзгеріс енгізілді

    Фариза

    Сауд Арабиясы коронавирус көп тіркелген елдер тізіміне Қазақстанды да қосып жіберген

    Фариза

    Қостанай облысында ер адам ауған азаматтарын Қазақстанға кіргізбек болған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.