-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Нұрлан Еспанов: Үкіметтік жұмысқа кіру деген еркектіктен айырылу деген сөз

    Өзін шығармашылықтың адамы деп есептейтін Нұрлан Еспанов мемлекеттік қызметкер болу өнер адамдарына келмейтін жұмыс деп санайды. Осыған дейін басшы ретінде жұмыс жасауға ұсыныс түссе де, әнші келісім бермегенін айтады. Өйткені мемлекеттік жұмыс еркектіктен айырады деп санайды ол. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Oinet.kz порталына сілтеме жасап.

    «Енді қашан шақырса, сол кезде барамыз. Негізі бұрын сонды шақыртулар болған. Бірақ ол жаққа емес енді. Өнер ордалардың бастығы болыңыз, мына жердің, ана жердің бастығы болыңыз деген ұсыныстар болды. Ал үкіметтік жұмысқа кіру деген еркектіктен айырылу деген сөз. Өзінің саласындағы кресло болса, мен қарсы емеспін», — дейді Нұрлан Еспанов.

    Алайда, мәдениет министрінің кеңесшісі атанған Қыдырәлі Болманов әріптесінің бұл сөзін құп көрмейтін сыңайлы. Өйткені жаңа қазметке тағайындалған өнер иесі жұмысына қызу кірісіп кеткен. Қазіргі таңда ол еліміздің аймақтарын аралап, мәдниет саласын ретке келтіріп жүр екен.

    «Мәдениет саласы өмір бойы істеп келе жатқан кәсібім. Сондықтан, мәдениет саласында көптеген жұмыстар бар. Жақында Түркістанға барып қайттық. Қазір мәдениет саласында үлкен жұмыстар жүріп жатыр», — дейді Қыдырәлі Болманов.

    қатысты посттар

    Димашты Мәскеу халқы қалай қарсы алды?

    Перудағы Димаштың фан-клубы әншінің 27 жасына орай тосын сый жасады

    Фариза

    Погон таққан адам тиісіп қылмыңдады деген Айсәуле не бүлдірген?

    Пікір қалдыру

    5 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.