-11.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Экономика

    Қарапайым заттар экономикасы күн тәртібінен түспеуі керек

    Биыл Жамбыл облысында республика өңірлері арасында алғаш рет пилоттық жоба ретінде жүзеге асып жатқан қарапайым заттар экономикасын дамыту жұмыстары бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Себебі, облыс әкімі Асқар Мырзахметов президент пен үкімет алдында бұл бағдарламаның тиімділігін дәлелдеп, жүзеге асыруды сұраған еді. Осыған байланысты қазір аудандарда да жұмыс қызу. Мәселен: Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков жұмыс алгоритміне сәйкес, Жаңатоған ауылдық округін аралып, халықтың тұрмыс жағдайларымен, мекеме-кәсіпорындардың тыныс –тіршілігімен танысты. 3 елді мекені, 3936 тұрғыны бар Жаңатоған ауылдық округінде үй ауласында кәсібін дөңгелетіп, табыс тауып отырған отбасылар көптеп кездеседі. Ал, Қостоған ауылының тұрғыны Салман Мұсаев ұзақ жылдан бері мал бағумен айналысады. Ол алғаш кәсібін қой бағудан бастаған. Қазіргі кезде асыл тұқымды Герефорд бұқасын баптап, «Меркі ет» комбинатына өткізіп, ет бағытындағы жұмысты жандандырып отыр. Қорасындағы елу шақты бұқаның күтімі де жақсы. Айналасы тап-таза, қыстық жем-шөбі де қамдалған. Ол үшін арнайы жем сақтайтын қойма да тұрғызылыпты. Үйінің іргесінен 47 басқа арналған үлкен баз соғып, мал бордақылауға қолайлы жағдай жасап алыпты. Бұл отбасы мемлекеттен ешқандай көмек алмаған екен, бәрі де өз еткен еңбек, төккен терінің нәтижесі. Бұдан соң аудан әкімі бастаған топ қарапайым заттар экономикасы бойынша Қанат Сергелбековтың жеке қосалқы шаруашылығына барып, қызанақ, қияр өсіріп отырған алқабын көрді. Ол былтырғы жылы үй ауласындағы 16 соттық жерге көкөніс егіп, сатып, табыс тапқан. Биыл көршісінің 10 сотытқ жерін жалға алған ол, қияр, қызанақ, баклажан, бұрыш егіпті. Отбасы мүшелерінен басқа 5 адамды еңбекке тартқан жайы да бар. Дәл осы кәсіп түрімен Қызылсай ауылының тұрғыны Кәріпқұловтар отбасы да айналысып келеді. Бос жатқан көршісінің жері мен өз ауласындағы жалпы көлемі 1 гектардай жерге түрлі дақылдар өсіруде. Бұдан соң, аудан әкімі осы ауыл тұрғындарымен кездесіп, тілек-талаптарына құлақ асты. Онда жиналғандардың біразы жөнделген жолға рақметін айтса, енді бірі тозығы жеткен электр жүйесі мен ауыз судың азабын тартып келе жатқандарына наразылық білдірді. Бірнеше жыл жүргізілген су құбырының қысымы аз болуына байланысты, жоғарыда орналасқан үйлерге жетпейтін көрінеді. Жергілікті тұрғындар әкімнен осы мәселелерді шешіп беруін сұрады. Бұл бойынша Мейірхан Өмірбеков жауапты сала басшыларына тездетіп шешуді тапсырды. Мұнан соң әкім тағы бірнеше ауылдың жай-күйін көріп, проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Жалпы, жыл басынан бері Меркі ауданында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов те бірнеше рет болып, бұл ауданда шын мәнісінде жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқандығын айтқан еді. Себебі, Меркіліктер ішінде бос жатқан ауланы тиімді пайдаланып, сүт және ет бағытындағы жұмыстарды жандандыруға ат салысатын адамдар көп болып отыр. Қазір Меркінің әр ауылы 200 ден астам жобалар ұсынып отыр десе болады. Мұны мамандар Меркі жерінде өнімді өткізуге қолайлы «Меркі ірімшік зауыты», «Меркі қант зауыты» секілді өндіріс орындарының болуымен байланыстырады.

    қатысты посттар

    Сыр диқандары рекордтық көрсеткішті жаңартты

    Фариза

    Жаңақорған аудандық ауруханасы жаңа аппаратпен толықты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.