Пятница, 27 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Қарқынды алма бағының қарқыны жоғары

    Қазақстанның оңтүстік өңірлері еліміздің солтүстік облыстарын жеміс жидекпен қамтамасыз етуі керек. Бұл Үкіметтің арнайы бекіткен бағдарламасын жүзеге асыруда Жамбылдық шаруалар да жұмыла атсалысуға әзір. Мәселен: Тұрар Рысқұлов ауданында өткен жылдың өзінде 250 гектар жерге қарқынды бақ орналастырылса, ондағы алқаптарға озық технологиялар қолданылып жатыр. Оның ішінде тамшылатып суару жүйесі арқылы жұмыс істеу көпшілікке тиімді болып отырғандығы жасырын емес. Тұрар Рысқұлов ауданында интенсивті алма бақты қолға алағандардың бірі-«SV — Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Елімізге танымал компания Құлан аулының маңынан 200 гектар жерді игеріп, бүгінде алқапты алма баққа айналдырған. Түркия мен Ресейден жеткізілген жеміс ағаштары жергілікті жерге тез бейімделіп, биылдың өзінде алғашқы жемістерін бергелі отыр. Мұнда алманың 13 түрі өсіріліп жатса, оның басым бөлігі қысқа сақтауға қолайлы күздік алмалар. Замануи үлгіге сай, баққа тамшылатып суары әдісі қолданылуда. Жан-жағы қоршалып, күннің ыстығынан қорғайтын арнайы жамылғылармен де жабылмақшы. Алма бағы ішіне өңдеу жұмыстарын жүргізіп, дәрілеу үшін жаңа техникалар мен қатар озық технологиялар да алынған. Мұның барлығы баққа деген жаңа көзқарас дейді агро сала мамандары. Әзірше мұнда 70 адам жұмыс істеп жатса, олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Алдағы жоспар да ауқымды. Келешекте жеміс қоймаларын салу көзделуде. Оның өзі ел тұрғындарын жыл он екі ай экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, шет елге де шығаруға мүмкіндік бермекші. Интенсивті алма бақтарын дамыту жұмыстары көршілес жатқан Меркі ауданында да қарқынды қолға алынған. Мәселен: Меркіде заманауи алма бағын алғашқылардың бірі болып еккен жеке кәсіпкер Совет Қалманбетов болатын. Ол қазір тау бөктерінен 20- гектар жерге алманың 3-сортын екті. Түрік технологиясы бойынша өсіріліп жатқан алмалардың бойы аласа болып келеді. Бірақ, соған қарамастан өнімді де көп береді. Бұл 20-гектар жерде қазір 50 000 – түп тал егілген. Тұрақты түрде 20 – 30 адам жұмыспен қамтылған. Былтыр еккен талдардың биыл, яғни бір жыл ішінде өнім беріп жатқандығы қуантады. Оның барлығы да жақсы күтімнің арқасы дейді шаруашылық жетекшісі. Өйткені, алманың түбіне арамшөп шықпас үшін көбісі дәрі шаша салады. Ол алманың дәмін кетіреді. Ал, біз дәрі шашпаймыз. Алма түбіне шыққан арамшөптің барлығын өзіміз қолмен жұламыз, қолмен қопсытып отырамыз. Сондықтан да алған өніміміз сапалы, әрі дәмді болады дейді ол. Совет Қалманбетовтың интенсивті алма бақ егу жұмыстарын қолға алғандығы үшін мемлекет оған үлкен көмек берді. Мәселен: тамшылатын суару жүйесін орнатқандығы үшін, сапалы алманың көшетін, алғандығы үшін, тіпті алма бағына мынадай алып тіреулер орнатқандығы үшін де мемлекеттен субсидия беріледі. Бұл біле білген адамға үлкен көмек дейді еңбеккер. Жалпы, шаруалардың барлығы үкімет көмегін алып неліктен алма бағын егіп жатыр. Мұның артында үлкен саясат жатыр. Ол еліміздің Солтүстік өңірлерін арзан әрі отандық таза өніммен қамту болатын. Бүгінгі таңда күн сәулелі Жамбыл облысында бұл бағыттағы жұмыстар бір жолға түскен деп айтуға болады.

    қатысты посттар

    Шымкент: Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылады

    Фариза

    «Қарапайым заттар экономикасы»: Жамбыл облысында 75 млрд теңгеге 177 жоба мақұлданды

    Фариза

    Қызылордада 20 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.